Нұр-Сұлтанда Домбыра күні қарсаңында онлайн концерт өтті

Нұр-Сұлтан қалалық «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі әлеуметтік желілердегі парақшаларында Домбыра күніне арналған онлайн-концерт өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Мереке аясында халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Досым Мақсұтов концерт берді. Белгілі домбырашы шәкірттерімен бірге танымал шығармаларды орындады. Сонымен қатар елордалық домбыра шебері Айбат Кәрібаймен онлайн сұхбат өтті. Ол шеберханасын көрсетіп, домбыра жасаудың ерекшеліктерімен таныстырды. Еске салсақ, 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық Домбыра күнін белгілеу туралы жарлығы жарияланды.