«Ауыл–Ел бесігі» бірлескен экспедициясы Алматы облысында

«Ауыл–Ел бесігі» экспедициясы еліміздің ең бір шұрайлы аймағы Жетісу жеріне келді.
Алматы облысының ауыл шар-уашылығы өнімінде республика бойынша облыс үлесі 17 пайызды құрап, бірінші орынға шыққан. Биылғы еңбек өнімділігі өткен жылға қарағанда 4 пайыз өсіммен 2 млн. 150 мың теңгеге дейін , ал өңделген өнім экспортының көлемін 5,5 пайыз өсімімен 85 млн. АҚШ долларына жеткізу облыс бойынша болжамдалған. Ауылшаруашылығы дақылдар көлемі артып 961 мың гектарға жеткізілген. Оның ішінде суармалы жердің үлесі 465 мың гектарды құрап отыр.

Өңірдегі 14 мың гектар қызылша алқабының әр гектарынан 405 центнерден өнім алынып, жиналған 525 мың тонна өнімді қант зауаттары өңдеп жатыр. Одан өндірілетін қант мөлшері 52 мың тоннаға жетеді деген болжам бар. Бұған қосымша картоп, жүгері, майбұршақ, жеміс-жидек өсіру мәселесі де қолға алынған.
Алматы облысында мал саны және оның өнімдерін өндіру өткен жылмен салыстырғанда орта есеппен 4,5 процентке өскен. Өңірде 102 мал бордақылау алаңдары ашылып, шетелдерден 10 мыңнан астам асыл тұқымды ірі қаралар сатып әкелінген. Сонымен қатар Алматы облысы — еліміздегі негізгі құс еті мен жұмыртқа өндірушілердің бірі. Қазір сегіз құс фабрикасы жұмыс істеп тұр.
Өңірде екі жыл ішінде сүт өндірісін 900 мың тоннаға, қайта өңдеу деңгейін 35 процентке жеткізуді жоспарлап отыр. Сүтті мал шаруашылығын дамыту үшін сүт-тауар фермалары құрылуда.
Алматы облысында шағын және орта бизнесте 252 мың адам жұмыс істейді, олар шығаратын өнімдер мен көрсететін қызметтердің көлемі биыл 1,4 трлн-ға дейін өскен. Шағын және орта бизнесте мемлекеттік қолдаудың арқасында бұл көрсеткіш қазір 9 млрд.теңгеге жеткен.
Облыста өнеркәсіптің өсу қарқыны жеделдеп, 10 айда 104,5 процентті құрады, осы жылы өндіріс көлемі бір трлн. теңгеге жетеді деп күтілуде.
Тұрғын халықты баспанамен қамту мәселесі де облыс аумағындағы күрделі мәселелердің бірі. Кезекте тіркелген 51 мың адамның 6 мыңнан астамы көпбалалы отбасылары. Ағымдағы жылдың өзінде 1447 көпбалалы отбасын баспанамен қамтамасыз ету болжамдалса оның 1093-і жаңа үйдің кілтіне ие болды. қазіргі кезде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 18 көп қабатты үйлер және 288 жеке үйлер құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Жуырда Алматы облысының әкімі Амандық Баталов әлеуметтік желіде арнайы жүргізілген сараптама бойынша жұмысындағы оң нәтижелердің қорытындысы үшін «Әлеуметтік желідегі ең озық, жақсы әкім» номинациясын жеңіп алды.

«Ағынды менің Ақсуым»

«Ағынды менің Ақсуым»-деп туған жерін тебірене жырлаған қазақтың үш бәйтерегінің бірі , ақын Ілияс Жансүгіров атындағы Ақсу ауданының орталығында экспедиция мүшелерін аудан әкімінің міндетін атқарушы Арман Маратұлы Қабаев қарсы алып, ауыл тұрғындарымен, шаруаларымен кездесу басталып кетті. Экспедиция мүшелері кездесу барысында қойылған сауаддарға жауап берді. Жылы шырайлы бір талай пікір алмасулар болды.
Қазіргі кезде мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы саласында қол жеткізген табыстар баршылық екен. Өсірілген 30 мың гектар дәнді дақылдардан әр гектарынан 23,5 центнерден , қант қызылшасының әр гектарынан 300-ден астам өнімдер жиналған Бау-бақша, көкөніс май бұршақ және тағы басқа себілген дақылдар түрінен мол өнім алынған. Аудандағы ірі қара мал , қой-ешкі, жылқы, үй құстарының да саны артып отыр. Ет, сүт өндіру көлемі де болжамдалған межеден артық орындалған.
42 мың халық мекендеген Ақсу ауданының бүгінгі келбеті көңіл қуантарлық. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ауданда 27 үй, демеушілір қолдауымен 11 үй, «Харекет» қорынан 3 үй , жалпы саны аудан бойынша 41 үй баспанасыз жүрген отбасыларына беріліп, қуанышқа кенелткен.

Қант шығаратын зауыт

Экспедиция мүшелерінің алғашқы барған нысаны «Ақсу қант зауаты» ЖШС-гі болды. Бізді осы зауыттың басшысы Самат Нәдірбаев жылы жүзбен қарсы алды. Сонау жылдары іргесі құлап, жабылып қалған Ақсу қант зауатының бұл өңірге аса қажет екенін, сараптап, зерделеп, мемлекет және жеке инвесторлар тарапынан қолдау көрсету қажеттілігі туралы осы біздің газеттің бетінде алғаш рет сын мақала жариаланған еді. Арадағы он жылдық үзілістен кейін күрделі жөндеуден өткізілген Ақсу қант зауыты қайта іске қосылды.

– Қазір Ақсу қант зауатына Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының қант қызылшасы жеткізілген. Зауытта 500 адам еңбек етеді. Биылғы жылы 100 мың тонна қант қызылшасын өңдеу болжамдалып отыр, – дейді зауыт басшысы Самат Тілеубайұлы, – Қант қызылшасымен айналысатын 210 шаруа қожалығы өздерінің қарауындағы алқаптың әр гектарынан орта есеппен 300 центнерден астам өнім жинады.
Кәсіпорын жыл бойы 417 мың тоннаға дейін қант қызылшасын өңдейтін қуатқа ие. Сондықтан алыс жатқан шалғайдағы аудандардың шаруалары табысы мол тәтті түбір егу алқаптарын ұлғайту жұмыстарын қолға алған.

Көшесі көркем Ойтоған

Жансүгіров кентінен 40 шақырым жерде орналасқан Ойтоған ауылында бізді округ әкімі Тұрсынұр Тұрысбекұлы Білісбек қарсы алды. Бұл ауылдың ерекшелігі Ілияс ақынның туған ауылы екен. Біздің кездесуіміз өткен І. Жансүгіров атындағы еңселі мектептің кең залына жиналған тұрғындар арасында мектеп, бала-бақша, округ қызметкерлерімен бірге шаруа қожалықтары болды. Әңгіме «Ауыл–ел бесігі» жобасы аясында өрбіді. «Qazaqstan dauiri» ЖШС-нің маркетинг және жарнама директоры Жанбақыт Борантаев газет пен журналымызды таныстырып, жиналғандармен пікір алмасты.
Мектеп директоры Дастан Есімғалиұлы Сағымбаев ақ жарқын жүзді, өте бір білікті, білімді маман болып шықты. .
Мектебімізде 150 бала оқиды, бір шағын орталық бар, онда 50 бала тәрбие алады. Мектеп бойынша 10 аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 37 балаға ыстық тамақ беріледі. Ұлттық бірыңғай тестке 2018-2019 оқу жылында 6 түлек қатысып, 69,250/0 көрсеткіш көрсетті. Грантқа -3 бала түсті,-дейді мектеп басшысы өзінің әңгімесінде.
– Шалғайда жатқан ауыл болғандықтан біздің тұрғындардың негізгі кәсібі егін егіп, мал өсіру ,-дейді округ әкімі Тұрсынұр Тұрысбекұлы,- округ бойынша 98 шаруа қожалықтары бар. Жер көлемі 49 мыңнан астам гектарды құрайды. Оның ішінде егістігі, шабындық, жайылым жері бар. Шаруа қожалықтары қант қызылшасын, күздік, жаздық бидай егумен айналысады. Мал шаруашылығында мал басының өсуі байқалады. Жеке кәсіппен айналысатындарға да толық жағдай жасалған. .
Ауыл тазалығына келетін болсақ әр көшенің ыңғайына қарай (10-15) үйден бөлінген көше басшылары арқылы әр отбасы өз аулаларын және көшелерін тазалап ұстайды. Көктем айының әр сәрсенбісі сенбілік ұйымдастырылып, барлық күл-қоқыстар тиісті орынға тасылып төгіледі. Ауыл халқын ұйымдастырып, ауылға келетін су тоғандарын атап айтқанда «Ойтоған», «Тесіктоған», «Смағұл» тоғандарын және ауылдың ішкі арықтарын қолмен тазалап, ретке келтірген.
Ойтоған елді мекенінде таза ауыз суға 137 млн тенге ,қаржы бөлініп қазіргі таңда елді мекендегі барлық үйге су құбырлары жүргізіліп болды, ендігі үлкен шаруа су жинау мұнарасын жасау.
Қазіргі уақытта 2000 метр көше жарығы тартылып, 65 дана светодиодтық шам қойылған. Ойтоған ауылындағы орталық көшелер Жансүгіров, Жанбай, Мәдіғожа, Әділбеков, Жәнәбіл, көшелері жарықтандырылған.
Ойтоған елді мекенінде І.Жансүгіров атамыздың 125 жылдық мерей тойына ауыл ортасынан, 1 гектар жерге саябақ ашылып, 400 түп алма ағаш отырғызылып, арықтары тартылып сыртын қоршап, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аудан орталық алаңындағы Ілияс ата Бюстін сол жерге көшіріп орналастыру жұмыстары атқарылуда

Шет елдермен қоян-қолтық жұмыс істейтін аудан

Тоқсан жылдық тарихы бар Сарқан ауданында бізді Сарқан аудандық«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Аслан Кубентаев қарсы алды.
Бұдан бес-алты жыл бұрын келгенімізде бұл ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуы көңілге қонбағанын айтып өткім келеді. Қазіргі кезде аудан бір талай жақсы нәтижеге қол жеткізген. Аудандық ауылшаруашылығ бөлімінің басшысы Жандос Өмірсадықтың мәліметіне сүйенсек, Бүгінгі күні 37 мың тұрғыны бар аудан халқының басым бөлігі ауылшаруашылығы саласында жұмыс істейді.
2019 жылғы жалпы өнім көлемінің жоспары 35 706,3 млн. теңге 10 айда жалпы өнім көлемі 38 253.9 млн.тенге, нақты көлем индексі 103,1%. болған. 10 айлық көрсеткіш бойынша мал мен құстың өнімдері 11 865 тоннаға орындалған, жылдық болжам 13 711 тонна. Сауылған сиыр сүті 10 айда орындалғаны 32 591 тонна, жылдық болжам 35 968 тонна. Тауық жұмыртқалары 11 млн 124 мың данаға орындалды, жылдық болжам 10 309 мың дана. Осы көрсеткіштер жыл қорытындысы бойынша жоспарға сәйкес орындалады деп күтілуде,
Аудандағы ауыл шаруашылығы инвестициясының жоспары 1 877,8 млн.тенге болса өткен 10 айда 1 658,2 млн. тенгеге орындалған. Жыл қорытындысы бойынша орындалу жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылдың 10 айында төмендегі көлемде ауыл шаруашылығы өнімдері: Ресейге және Түркияға дәрілік шөптер – 232,8 тонна, Германия, Ресейге тары өнімі – 229,3 тонна, Тәжікстанға қытай бұршағы – 350,0 тонна, Ресейге жеміс-жидек өнімдері — 17,7 тонна, Тәжікстанға қытай бұршағының шроты 416 тонна экспортталған. Аудан бойынша барлығы 1 245,8 тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталған.

Айран, сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорын

Сүт өнімдерін шығаратын «Ақбұлақ» ЖШС-іне ат басын бұрдық. Жаңадан ашылған бұл зауыттың өнімдері Жетісу тұрмақ сонау Алматы қаласының тұрғындары арасында да белгілі бола бастаған. Зауыт басшысы Бауыржан Қалимолданов бізді жылы шыраймен қарсы алып, өндіріс жайлы кеңінен әңгімелеп берді.

— Сүт өнімдерін негізінен Сарқан, Кербұлақ, Көксу аудандарындағы шаруашылық пен жеке тұрғындардан сатып аламыз, — дейді Бауыржан Бекболатұлы. Айранның екі түрі, сүттің екі түрі өндіріледі. Қаймақ, сары май, құрт, ірімшік сияқты өнімдер тез сатылып кетеді. Алматы, Жаркент, Үшарал, Ақсу, Алакөл аудандары мен Қапшағай қаласындағы дүкендерде біздің өнім-деріміз жоғарғы сұранысқа ие.
Мұнда 67 адам еңбек етеді. Жұмысшылардың жалақысы 60-65 мың теңге көлемінде болса, маман-технологтар 120-150 мың көлемінде жалақы алатын көрінеді. Осы ауданда «Ирбис» алма шырынын шығаратын цех өз жұмысын келесі жылы бастамақшы. Оның себебі Сарқан өңірі ежелден алма өнімдеріне өте бай.

Бақалының тыныс-тіршілігі

Бақалы ауылындағы кездесуіміз Кәкімжан Қазыбаев атындағы мектепте өтті. 1700-ден астам тұрғыны бар Ауыл әкімі Арын Күрішбаев деген азамат. Негізгі күн көрісі егін егіп, мал өсіру. Округ бойынша 60 отбасы шет жақтан оралған қандастарымыз. Оларға 129 гектар суармалы жер, 20 гектар тәлімді жер бөлініп берілген.
Округте 3 ЖШС тіркелген: Ауылдық округтің 110 шаруа қожалығы 2 кооператив және 1 СДО ауыл шаруашылық дақылдарын өндірумен айналысады,-дейді әкім Арын Тұрсынханұлы,- Биылғы 2019 жылға қант қызылшасын себу бекітілген жоспар бойынша 500 гектар болды. Қант қызылшасын өсіруде шаруа қожалықтарының басшылары С.Есімжанов, К. Муханов, Т. Байкүришовтердің еңбектері зор.
Бақалыда ірі қара: 3408 басқа , қой – ешкі: 9023 басқа, жылқы: 1823 басқа, құстар 7876 басқа жеткен. Соңғы жылдары мал басын асылдандыру жұмыстары қолға алынуда.
Бақалы ауылдық округінде ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбырын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 180 млн теңге бөлініп, бүгінгі таңда ауыл тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бақалы және К.Қазыбаев ауылдарының көшелеріне қиыршық тас төселген.
Ауылдық округте 1 дәрігерлік амбулатория және 2 мед.пункт жұмыс жасайды.
Ауылдық округте орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ, сондықтан қатты отын мен газ сырттан тасып әкелінеді, Қатты отынмен, газбен ауыл тұрғындары толық қамтамасыз етілген.
Ауылдық округте шағын және орта бизнеспен шұғылданатын 137 кәсіпкер тіркелген. Оның ішінде 110 шаруа қожалығы және 19 жеке кәсіпкерлер бар. Онда 450 адам тұрақты және 100 адам маусымдық жұмыстарға тартылған. Округ бойынша 7 дүкен азық-түлік тауарларымен ауыл халқын қамтамасыз етіп отыр.

Алмалыда ырыс пен ынтымақ бар

Алмалы ауылдық округінде 4500-ден астам халық тұрады. Қант қызылшасы, майбұршақ, дәнді дақылдар, жеміс-жидек өсірумен айналысатын 315 шаруа қожалығы құрылған. Округ аумағынды екі орта мектеп, екі бала бақша, өнер мектебі кітапхана, дәрігерлік амбулатория сияқты мекемелер халыққа қызмет көрсетеді.
Округ әкімі Асқар Тұрғамбеков мол тәжірибесі бар, тұрғындар арасында абырой, беделі биік азамат. Ауыл жастары жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге, тұрмысы төмен отбасыларына үнемі көмек қолын созады. Ауылда 140 көп балалы отбасы бар. Олардың жағдайы ауылдық округтің назарында.
2019 жылы Абай ауылының Досжанов, Кемербаев 13665 кв м көшелеріне қиыршық тас төгіліп, ауылдың ішкі жолдары жөнделген. Алмалы ауылында көшелерге тас төселіпті.
«Әбдрахманов» шаруа қожалығының төрағасы балаларға өз қаражатына күреске жаттықтыратын ғимарат салып берген. Қазіргі кезде 30 бала осы спорт залында күреспен айналысады. Ауылдың мешітіндегі бас имам Алмас Байманақов пен ауылдық округ әкімі Асқар Тұрғамбековтың ықпалымен ауыл тұрғындары ақылдаса келе мешіт жанынан хатымхана құрылысын асармен жүргізуде.
Алмалы орта мектебінде өткен кездесуде ауыл тұрғындары бір талай сауалдар қойып, жауаптарын алды.

Түйін сөз:

Осылайша Ақсу ауданының Жырынбек Сыдықов, Есмұрат Сиқымов, Ілияс Жансүгіров, Сарқан ауданының Кәкімжан Қазыбаев, Алмалы орта мектептеріндегі ұстаздар қауымымен кездесулеріміз шырайлы да жақсы өтті. «Qazaqstan dauiri» газеті «Мөлдір бұлақ» балаларға арналған басылымдар жөнінен кеңінен ақпарат беріліп, әңгіме қозғалды.
Экспедиция мүшелерімен бірге жүрген Ақсу ауданының ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Сағит Бекболатовқа, баспасөз хатшысы Мағжанға, Сарқан аудандық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Аслан Кубентаевқа алғысымызды білдіреміз. Әрине, өмір болған соң біраз көкейтесті мәселелер де бар болып шықты. Мысалы, кейбір ауылдарда мал басының көбеюіне байланысты жайылым жер жетіспеушілігі байқалды. Әрине көптеген елді мекендерде кезінде рәсімдеп алып, игерілмей жатқан жерлер бар, алайда оны жер қорына қайтару біраз уақытты талап етеді. Ол жұмыстар алдағы күннің еншісінде.

Нұрила Бектемірова,

Жанбақыт Борантаев