Наурыз мейрамына 3000 тұрғын қатысты

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі аудан орталығында ерекше леппен басталды. 3000 мыңға жуық тұрғындар қатысқан шарада Наурыз көше таратылып, концерттің бағдарламалар ұйымдастырылды. Жұртшылықты құттықтаған аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы әз-Наурыз мерекесі табиғат-ана жаңаратын кез екенін айтып, қасиетті мерекенің жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ арқан тартыс, гір көтеру, қошқар көтеру, ләңгі тебуден жарыстар ұйымдастырылды. Мешіт асханасынида да жұртшылыққа дастархан жайылды.

Жамбыл ауданы әкімдігі