Намыс✍️

Бір күні ағасы қарындасына

:»- Қарындасым сен менің намысымсын! Үнемі жаныңда бірге журе бермеймін. Бірақ екі күзетшіге тапсырамын, қайда барсаңда солармен бар, оларсыз жүруші болма, олар сенің қорғаның «- деген екен.
Қарындасы » Қайда күзетші «- деп сұрағанда,
«-Ар мен Ұят» деген көрінбейтін екі күзетші жүреді. Жаныңнан сол екеуін тастамасаң ұтылмайсың. Жаныңда сол екеуі жүргенде кез-келгенің көзіне тіке қарай аласың, Жаныңда сол екеуі жүргенде ғана сен еліңнің жеріңнің абыройын қорғай аласың еркем деген екен.