«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»

Ағымдағы жылдың наурыз айының 14 күні №9 Меркі колледжінде «Наурыз» мейрамына орай, жастарға ұлттық салт — дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды байланыстыра насихаттап, дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында, наурыз мерекесіне арналған колледжішілік «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шараға ауданымыздың белсенді азаматтары, ақсақалдар алқасы, әлеуметтік серіктестіктер мен колледж ұжымы және студенттері қатысты. Колледж ұжымының қызметкерлерінен облыстан, ауданнан орын алған қызметкерлері, сондай-ақ студенттерінің «WorldSkills Merke-2023» колледжішілік чемпионатында орын алған жүлдегерлері марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.
Әннен шашу шашылып, мың бұралған бишілер би билеп, әжелерімізбен бірге «Құрсақ шашу», «Бесікке салу», «Тұсау кесу» сынды салт-дәстүрлер көрсетілді. Қазақтың арқан тартыс, асық ату ойындары ойнатылды. Күш атасын танымас дегендей, «қошқар көтеруден» жарыс өткізіліп, палуан болған жігіт марапатталды. Той-думан мерекесіне келгендер, колледж ұжымына алғыстарын айтты.

Ләззат Серікбай, Меркі ауданы