НҰР СЕБЕЛЕ, ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ!

Ағымдағы жылдың наурыз айының 14 күні колледжде «Наурыз» мейрамына орай, жастарымызға ұлттық салт — дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды байланыстыра насихаттап, дәстүрді құрметтей білуге тәрбиелеу мақсатында, наурыз мерекесіне арналған колледжішілік «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға ауданымыздың белсенді азаматтары, ақсақалдар алқасы, әлеуметтік серіктестіктер мен колледж ұжымы және студенттері қатысты.
Колледж ұжымының облыстық, аудандық байқаулар мен жарыстардан жеңімпаз болып орын алған қызметкерлері, сондай-ақ студенттерінің «WorldSkills Merke-2023» колледжішілік чемпионатында орын алған жүлдегерлері марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Әннен шашу шашылып, мың бұралған бишілер би билеп, әжелерімізбен бірге «Құрсақ шашу», «Бесікке салу», «Тұсау кесу» сынды салт-дәстүрлер көрсетілді. Қазақтың арқан тартыс, асық ату ойындары ойнатылып, «қой көтеруден» жарыс өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.

№9 Меркі колледжінің арнайы пән оқытушысы Байдаулет Қалжан Нурланқызы