Мыңнан астам елорда тұрғыны Covid-19-дан емделіп шықты

Нұр-Сұлтанда 1 077 дәрігер коронавирус инфекциясымен күресуде. Қала бойынша осы қауіпті індетпен ауырған 1 820 адам тіркелген, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Бүгінде коронавирустық жағдай статистикасы оң нәтиже көрсетуде: емделіп шыққандар саны күн санап өсуде. Елордада 1000-нан астам адам індеттен емделіп шықты. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда күн сайын коронавирус инфекциясының алдын алуға және тарауына жол бермеуге бағытталған жоспарлы іс-шаралар өткізілуде.

Қауіпті инфекциямен күреске қала бойынша 1 077 дәрігер тартылған. Алайда мамандар босаңсуға ерте екенін ескертеді. Олардың айтуынша, халықтың осы ауруға деген немқұрайлы қатынасы індеттің қайта өршуіне алып келуі мүмкін. Оны тек дәрігерлер ұсынған нұсқамаларды қатаң сақтағанда ғана болдырмауға болады.

Негізгі ережелер, бұрынғыдай, қоғамдық көлікте, адамдар көп жиналатын жерлерде, саябақтарда, сауда үйлерінде маска тағу және антисептик пайдалану. Дәрігерлер кезекте, дүкенде немесе саябақта серуендегенде, үй-жайларда маска тағу режимін сақтау, топтанып жиналмау, өздерін және айналасындағыларды қорғау өте маңызды екенін атап өтті. Қалыпты өмір ырғағына тезірек оралу әрбір қазақстандықтың жауапкершілігіне тікелей байланысты. Тәртіп сақшылары еріктілермен бірге қала бойынша күнделікті рейд жүргізеді. Мобильді топтар қалалық саябақтарды, скверлерді, сауда үйлерін, автобустарды патрульдейді және тұрғындарға карантин режимін с