Мойынқұм ауданында сайлау Әнұранмен басталды

Бүгін еліміздегі жаңаша форматта ауыл әкімдерін сайлау сағ.7.00-де Мойынқұм ауданындағы 4 ауылдық округтегі 5 сайлау учаскесінде Әнұранмен басталды.

Ұланбел ауылдық округінде ауыл халқы сайлауға белсенді қатысуда. Ең бірінші болып ауыл ақсақалы Қариев Жұматай дауыс берсе, өз өмірінде алғаш рет дауыс берген 18 жасар Мейржан Ашемиров белсенділік танытып алғашқылардың бірі болып дауыс берді.