МЕТАЛЛУРГТЕР РЕСПУБЛИКАДА ҮЗДІК

Торайғыров университетінің металлургтері республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша бірінші орынға ие болды.

Мерхат Сүйіндіков пен Айгүл Жүнісова жетекшілік еткен екі топ техникалық шығармашылық пен инновациялық ойлау шеберліктерін көрсетті.

Ілияс Тулекин, Әмір Жаскенов, Сабина Әбенова, Артём Тельной, Ләйлә Мұратбек, Жансая Нұғыманова, Ернар Сарсенғалиев, Хызылбай Дүйсенбек инженерлік білімдерінің жоғары деңгейін көрсетті. Жеке есепте Әмір Жаскенов үздік атанса, Сабина Әбенова үшінші орынға ие болды.