МЕРКІ АУДАНЫНДА ОРАҚ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛДЫ

Меркі ауданы бойынша 2022 жылы жалпы 56677 мың гектар алқапқа бидай-арпа себіліп, оның ішінде 26 960 гектар бидай, 29717 гектар арпаны орақтан өткізу жоспарланған еді.
Бүгінгі күні егін жинау науқаны өз деңгейінде жүргізіліп, жоспарланған егіс алқабының барлығы түгелдей орақтан өтті.
Қамбаға түскен жалпы өнім көлемі – 109 386 тоннаны құрады. Әу баста гектарына 13 центнерден өнім алу жоспарланған болса, нақты өнім көлемі бір гектарға 19 центнерден айналды.
Егін жинау науқанынан барлығы 169 комбайн жұмылдырылу жоспарланып, техникалардың барлығы алқаптарда жұмыс істеп, күніне 520 гектар алқап орақтан өткізілді.

Меркі Ауданы Әкімдігі