Мектептерде жиынтық бағалау қалай жүргізіледі?

Оқу жылының екінші тоқсанында 2-11 сыныптарда бөлімге – бір жиынтық жұмыс және тоқсанға – бір жиынтық жұмыс өтеді.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Темірғалиева жергілікті Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәжілісінде мәлімдеді.

– Мектептерде бөлім бойынша жиынтық бағалауды 2-11 сыныптарда ағымдағы жылдың 3-15 желтоқсаны аралығында, тоқсан бойынша жиынтық бағалауды 2-11 сыныптарда осы жылдың 21 желтоқсанынан бастап өткізу ұсынылады. Бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау өткізілетін пәндер мектептің оқу жоспарына сәйкес анықталады.Tабиғи және техногендік, әлеуметтік, карантиндік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде формативті бағалау үшін орташа балл есепке алынады.Формативті бағалау үшін ең жоғары балл – 2-11 сыныптарда 10 балдан аспауы тиіс. Педагог орындалған жұмыс көлемін, оқу тапсырмаларын ескере отырып, білім алушылардың оқу жетістіктері үшін балл қою кезеңділігін өзі анықтайды, – деді Светлана Ибрагимқызы.

Бұдан әрі білім басқармасының өкілі қорытынды баға шығару кезіндегі балл санының есептелу арақатынасын түсіндірді.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА

Батыс Қазақстан облысы