Мәдениет басқармасының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер туралы айтылды

Тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлыққа бару тәуекелдеріне талдау жүргізу мәселелері түсіндірілді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда мәдениет басқармасы қызметкерлері мен ведомстволық ұйымдар директорлары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиевамен кездесті. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер және парасаттылық идеологиясының таралуына ықпал ететін бастамалар туралы айтылды.

«Мен өнер, мәдениет және шығармашылық адамдары арқылы парасаттылық идеологиясын жүргізу — ортақ іс деп санаймын. Аудиторияға заңдағы өзгерістер, «Астана адалдық алаңы» жобасы, ақпараттық-білім беру штабының жұмысы, ашық бюджеттердің интерактивті картасы туралы айтып бердік. Алдағы уақытта осындай семинарларды барлық мекемелерде өткізуді жоспарлап отырмыз», — деді Жазира Жылқышиева.

Сондай-ақ, маман сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін мән-жайларды жою қажеттілігі туралы айтып берді.

Сонымен қатар, тыңдаушыларға мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа бару тәуекелдеріне талдау жүргізу және бірінші басшылардың дербес жауапкершілігін күшейту мәселелері түсіндірілді.