«Мақатаев оқулары» конкурсы

ҚР Оқу-ағарту министрінің №514 бұйрығына сүйене ұйымдастырылған Республикалық «Мақатаев оқулары» конкурсы

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына сүйене отырып, “Mahataev.kz” – Мұқағали әлемі білім порталы (бұдан әрі ұйымдастырушы) Республикалық «Мақатаев оқулары» конкурсы (бұдан әрі байқау) өткізеді.

Байқау мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын мектеп оқушылары арасында насихаттау, оқушылардың өлең оқуға ынтасы мен талабын ашу, көркемдік шеберлікті шыңдау.

Байқауға қатысушылар жас ерекшелігіне қарай іріктіледі:

Мектепке дeйінгі балалар;
1-4 сынып оқушылары;
5-8 сынып оқушылары;
9-11 сынып оқушылары және колледж студенттері;
Мұғалімдер, кітапханашылар және бала бақша тәрбиешілері;
Байқаудың ережесі: Қатысушы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың бір өлеңін жатқа оқып, өзін таныстырып, видео түсіріп ұйымдастырушының электронды почтасына жолдайды.

Байқауға өтініш қабылдау уақыты: 17.10.2022 – 14.11.2022 (қоса алғанда) аралығында

Байқау нәтижесі 29.11.2022 күні www.mahataev.kz сайтында, Instagram және Telegram желілеріндегі парақшаларында жарияланады.

Байқауға қатысу ақылы, ерікті түрде жүргізіледі құны:

Білім алушылар үшін 700 теңге

Педагог мамандар 1600 теңге жарнапұл төлейді.

Байқау жарнасын төмендегі реквизиттерге төлеуге болады:

Kaspi Gold карта номері: 4400 4301 2892 2561 (Мүсірәлі А.)

Kaspi Gold телефон номері: 8-705-189-33-96 (Мүсірәлі А.)
Beeline номерге бірлік салу: 8-705-189-33-96

Байқау шарты:

Қатысушы мәнерлеп оқыған видеомен бірге байқау жарнасын төлеген квитанция, қатысушының сұраныс парағын барлығын жинақтап oku@mahataev.kz электронды почтасына нeмeсe +7 (705) 189-33-96 нөмірінe тіркeлгeн WhatsApp жeлісінe жіберілуі қажет.

Қатысушы сұранысын жүктеп алу сілтемесі:
https://mahataev.kz/oku-suranys.docx

ЕСКЕРТУ! Байқауға қатысушыларды мәжбүрлемеу керек. Ерікті түрде ниет білдірген кез келген адам қатыса алады. Сондай-ақ, бір жұмысты бір жерге жіберу керек: не электронды почтаны, не WhatsApp желісін таңдаңыз. Бір жұмысты екеуіне де жіберуге немесе бірнеше рет қайталап жіберуге тыйым салынады! Сонымен бірге байқауға қатысу сұранысын міндетті түрде WORD нұсқада жазу керек. Қолмен жазылған менесе суреткен түсірілген сұраныстар қабылданбайды.

Байқаудың ұйымдастыру тәртібі:

“Mahataev.kz” – Мұқағали Мақатаев әлемі білім порталы ұйымдастыруымен байқауға түскен видеолар арасынан редакция таңдауы бойынша үздік деп танылғандары @mahataev.kz Instagram парақшасында орналастырылады. Байқаудың жеңімпаздарын республикалық БАҚ-тарда қызмет ететін мамандар мен педагог-филологтар анықтайды. Бағалауда орындаушының көркемдік шеберлігі, қазақ тілінде таза сөйлеуі, мазмұнға баса мән беруі негізге алынады.

Марапаттау:

Барлық қатысушыларға байқауға қатысқандығын растайтын сертификат, Бас жүлде, І орын, ІІ орын, ІІІ орын аралығында жүлделі орын дипломы беріледі.

Қатысушылардың жетекшілеріне арнайы Алғыс хат беріледі.

Конкурсқа 7 оқушыдан астам қатысушы жұмысын жолдаған жетекшілер “Mahataev.kz” – Мұқағали әлемі білім порталының арнайы Құрмет Грамотасымен марапатталады.

Қосымша ақпарат:

Тел.: 8 (705) 189-33-96

E-mail: oku@mahataev.kz

WhatsApp: 8 (705) 189-33-96

Сайт: www.mahataev.kz

Instagram: mahataev.kz

Телеграм канал: https://t.me/mahataev_kz

Жұмыс уақыты: 09:00 – 19:00 (Дүйсенбі – Жұма) Астана уақыты

Демалыс күндер: Сенбі, Жексенбі