Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділік қамтамасыз етілуде

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының 84-тармағына сәйкес 2022 жылдың соңына қарай стандарттарға сәйкес келетін бейімделген объектілердің үлесі шамамен 40%-ды құрауы тиіс болатын. Осыған байланысты облыс бойынша 2021-2025 жылдары 1 295 нысанды бейімдеу, ал 2022 жылы Тараз қаласы мен аудандарда 259 нысанды бейімдеу жоспарланған.

Тараз қаласы мен аудандарда 2022 жылы бейімдеу жұмыстарына 259 нысанға 191,3 млн.теңге қаржы бөлініп, 259 нысан бейімделуден өтіп, ол жылдық жоспардың 100 пайызын құрады.

2023 жылы әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларын 90,0%-ға орындау жоспарланып отыр (2022 жылдық жоспар – 85%).

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының 84-тармағына сәйкес 2023 жылы стандарттарға сәйкес келетін бейімделген объектілердің үлесі шамамен 60%-ды құрауы тиіс. Осыған байланысты облыс бойынша 2021-2025 жылдары 1 295 нысанды бейімдеу, ал 2023 жылы Тараз қаласы мен аудандарда 259 нысанды бейімдеу жоспарлануда. Есепті мерзімге 51 нысанды бейімдеу үшін жергілікті бюджеттен 58,9 млн.теңге қаржы бөлініп, тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Жамбыл облыстық Жұмыспен қамту басқармасы