Көк тудың желбірегені….

Ортасында шуақ шашқан шұғылалы алтын түстес күн мен қанат жайған қыран құс, шетінде бедерленген ою бейнеленген көк Туымыз, шаңырақ бейнесіндегі Елтаңба, алтын күнді аспан мен алтын дәнді даланы көз алдыңа әкелетін Әнұран осылардың бәрі халқымыз үшін ортақ мекеннің символына айналып, әрқашан да бейбітшілікте, береке мен бірлікте өмір сүруге шақырады.

 

 

Биыл мемлекетіміздің негізгі нышаны рәміздерге – 28 жыл. 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні.

Еліміздің Әнұраны аудан бойынша бірмезетте шырқалып, көк байрағымыз көкте желбіреді.

 

 

Осыған орай, барлық қауіпсіздік шаралары сақтала отырып таң сәріден велошеру ұйымдастырылып, қаланы айнала өткен велошеруді тұлпар мініп ту ұстаған жас жігіт «Еңбек ерлері аллеясына» бастап келді.

Алдымен Әнұран шырқалып, көк ту көкке көтерілді.

 

 

Осы күні таңғы сағат 9.00 де аудан әкімі Қанатбек Мәдібек бастаған мемлекеттік қызметкерлер Әнұранды жанды дауыста шырқады.

Осы уақытта ауданның барлық аумағында бір мезетте Әнұран шырқалып жатты.
Мемлекеттік мекемеде мемлекеттік рәміздерді насихаттауға арналған іс шара соңы барлық ауылдық округтерде сақтық шараларын ұстана отырып, шаралармен жалғасын тапты.

Сарысу ауданы.