КЕЗДЕСУ

Бүгін аудандық орталық кітапхананың цифрланған ақпараттық орталығында кездесу өтті.
Кездесу аудандағы этносаралық татулық бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында жүргізілді.
Аудандағы жұмыс атқаратын этномәдени орталық жетекшілерімен яғни «Радонеж» славян, «Возрождение» неміс, «Барбанг» күрді, «Өзбек» өзбек, «Манас» қырғыз, «Әулие ата» қазақ, «Карио» кәріс жетекшілерімен кездесуде барлық санитарлық талаптар сақталды.

 

Кездесу мақсаты: Сарысу ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ілгерілету мен этносаралық келісім идеясын нығайтуды ақпараттық қолдау жөніндегі атқарылатын жұмыстар мен жоспарлы іс-шараларды талқылау.
Сонымен қатар, 1 наурыз — «Алғыс айту күні» мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарын бекітуге ұсыну.
Этномәдени орталық жетекшілері өз ойларын білдіріп, бір ауыздан бір келісімге келді.

Сарысу ауданы