КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕ

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында 2023 жылдың 20-21 наурызында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен өңіраралық көрме-жәрмеңке өтуде.

Көрмеде химиялық, машина жасау, тамақ, жеңіл, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары мен агроөнеркәсіп кешенінің 100-ден астам кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынуда.

Іс-шараға Жамбыл облысынан 15 тауар өндіруші және 4 бағыттағы қолөнершілер қатысуға келді. Өңірлердегі кәсіпорындар арасында ынтымақтастық жөнінде келіссөздер жүрзгізілуде.

Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары