КӨКПАРДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ

4-11 мамыр Шымкент қаласында көкпардан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен 204 спортшы қатысты.
Жарыс қортындысы бойынша Жамбыл облысының Әулие-Ата жастар командасы 1 орынды жеңіп алды.
Финалдық кездесуде Түркістан облысының командасын 13-4 есебімен жеңді.
Жарыс нәтижесі:
1. Жамбыл облысы
2. Түркістан облысы
3. Шымкент қаласы
3. Атырау облысы.
Жамбыл облысының Әулие-Ата жастар командасының жаттықтырушысы Есжан Құрманбай

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы