«КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ» БАЙҚАУЫ

Аталған байқау «Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының» «Smart технологиялар» үйірмесінің жетекшісінің
ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті.
Байқауға 18 оқушы қатысып, 4 аталым бойынша сайысқа түсті. Үміткерлер алдымен өзін-өзі таныстырса, «Өнерліге өріс кең» аталымында ән айтып, би билеп, өнерлерімен көпшілікті тәнті етті. «Білімдіге дүние жарық» атты сұрақ-жауап сайысында арулар күз мезгілі турасында мағлұматтарға тиянақты жауап берді. «Әсем біздің ханшайымдар» кезеңінде табиғи материалдардан тігілген сән үлгілерін көрсетіп, бірінен-бірі өткен көркем де көрікті арулар екендіктерін мойындаттты.
Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Латипа Жайлаубаева, әдістемелік бөлім меңгерушісі Балжан Асқарова, «Жас Ұлан» ұйымының үйлестірушісі Гүлдана Сейтімбетова қазылық жасаған байқауда бас жүлде Жансезім Ислам («Еркетай» үйірмесі) мен Айзере Ержан («Жас жұлдыз» үйірмесі) табысталды.
Бірінші орынды Аймен Қалан «Зерде» үйірмесі) және Шұғыла Дүйсен («Жас қанат» үйірмесі), екінші орынды Анель Оразбек («Ертегілер әлемі» үйірмесі), Інжумаржан Якия («Жас эколог» үйірмесі), Сезім Лесбек («Сиқырлы бояулар» үйірмесі) иеленді. Үшінші орынды Каусар Даниал («Темірқазық» үйірмесі), Жания Бертілеу («Шебер қолдар» үйірмесі), Ақерке Бақтиярова («Сезам» қуыршақ театры үйірмесі), Динара Албахь («Знайка» үйірмесі), Жаннұр Айдынқызы («Волейбол» үйірмесі) өзара бөлісті.
Сонымен қатар «Күз ханшайымы» байқауында түрлі аталымдармен Дана Алламберген, Диана Примкулова («Сиқырлы өнер» үйірмесі), Перизат Юлдаш («Қызықты арифметика» үйірмесі), Каусар Естай («Жеті нота» үйірмесі), Алтынай Абдан («Физика әлемі» үйірмесі), Еркежан Мырзабайлар («Робототехника» үйірмесі) марапатталды.
Сондай-ақ «Жас қанат» үйірмесінің оқушылары Амантай Нұрдаулет, Ибрагим Дильназ, Айша Нақып, Аққанат Жаңбырбай, Мерей Ақбердиева, Шұғыла Дүйсен, «Темірқазық» үйірмесінің оқушысы Нұрдаулет Үсенғали, «Жас жұлдыз» үйірмесінің оқушылары Айдана Шарапат, Айару Амангелді әуелете ән салып, шараның ажарын келтірді.

Құндыз Абделиева,
Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының «Smart» технологиялар» үйірмесінің жетекшісі.