Ит-құстың мекеніне айналған интернат үйі

  Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернат облыс әкімдігінің «Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатын құру туралы» 2004 жылғы 28 қыркүйектегі № 150 санды қаулысымен,облыстық білім басқармасының 2004 жылғы 10 қазандағы «Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернаты» туралы № 326 бұйрығымен ( 2005 жылдың қыркүйек айынан) жұмыс істейді.
Интернатқа әкімшілік жазалау шараларына әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде жасайтын, отбасынан және балалардың оқу тәрбие ұйымдарынан өз бетімен кетіп қалатын, күнделікті өмірде көлемінде ата-аналар назарынан тыс қалып қаңғыбастыққа, кезбелікке салынған жасөспірімдер, өзге де қоғамға жат іс-әрекеттер жасайтын он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар қабылданады.

 

Бұл интернат қай  интернат?

Интернат Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі №591Заңы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің 2013 жыл 17 қыркүйек №375 бұйрығымен бекітілген девиантты мінез-құлықты балаларға білім беруге арналған ережеге сәйкес, 2005 жылғы 27 қаңтардағы №42 бұйрығымен жұмыс жасайды. 2014 жылғы 4 мамырдағы № 574 қаулысына сәйкес «Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернат» атауы «облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арнлған интернат мекемесі» болып өзгертілді. (Әрі қарай: интернат)
Интернатта құқық бұзған, қоғамға жат қылық жасаған жасөспірімдердің тәрбие, оқу және әлеуметтік оңалтуына барлық жағдайлар жасалған. 2005 жылдан бастап интернатқа 274 бала қабылданды.Оның ішінде 2014 жылдан бері Ақтөбе облысынан 23 бала тәрбиеленді. 2019 жылы 13 бала қабылданды.
2014–2015 жылғы оқу жылынан бастап өзгерістерге сәйкес мекеменің оқу процесі интернатқа жақын орналасқан № 112 орта мектеп және кешкі мектеппен келісімшарт жасалған. Штат саны 60-тан 49-ға азайтылды. 2016 жылы 49 штаттық бірліктен 39 штатқа қысқартылды.

 

Басқарма бұл оқу орданы неге жаппақшы?

Бала санының аздығына байланысты жылда интернатты жабу туралы білім басқармасы тарапынан сөз қозғалды.
2018 жылы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы мен интернатты қосу туралы ұсыныстар жасалды. Екі мекеменің қызметтері сәйкес келмей, оған негіз болмады.
Қызылорда қаласы, Ақжарма ауылында орналасқан 1968 жылы балабақшаға арналып салынған ғимаратын 2005 жылы құлдырап, жарамсыз жағдайда тұрған жағдайында 28 783 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жасалынып, интернатқа пайдалануға берілді, 2013 жылы Ақжарма ауылдық округі мекеме ғимаратын балабақша ашу мақсатымен қайта алды. Алайда, ғимаратта ешқандай балабақша ашылмай ғимарат жарамсыз күйде бос, қирап тозығы жетіп тұр. «Қызғанғаның қызыл итке жем болсын»- деген осы шығар.Бұл ғимарат қазір ит-құстың мекеніне айналып тұр.Девиантты мінез-құлықты балаларға қимай, тартып алғанмен, күрделі жөндеуге жұмсалған 28 783 млн желге ұшқаны ма? Сорлы болған балалардан далада қаңғып жүрген ит-құс артық болды ма? Сонда бұл балалардың тағдырын кім ойлайды?
Қызылорда облысының қаржы басқармасының 2013 жылы 11 қарашадағы №16 бұйрығына сәйкес Қызылорда қаласы М. Қаржаубаев көшесі №42 құрылыста орналасқан (2-ші Киняева 2а) жалпы пайдалануға арналған ауданы 682,5 ш.м құрайтын 1957 жылы салынған ғимаратын «Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернаты» мемлекеттік мекеменің теңгеріміне берілді. Мекеме жанында ЖД вокзал және қала ішілік автобустар тұрағы орналасқандықтан белгілі бір мақсатта пайдалануға беру көзделіп отыр ма, әлде жарамсыз күйде қалады ма?
Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернатқа 2019 жылы 70829 млн. теңге қаражат бөлінген. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен: азық-түлік өнімдерін сатып алу- 2 516 млн. тг, дәрі-дәрмек және медицина мақсаттағы өзге құралдар сатып алу-112 мың тг, еңбек ақы төлеу, салыққа- 57382 млн. тг, коммуналдық қызмет-2 183млн. тг, киім-кешек, шаруашылық , кеңсе тауарларына, әртүрлі шығындарға 1 797 млн. тг бөлінеді.
Мекемеде 43 қызметкер жұмыс жасайды. Оның ішінде зейнеткерлік жасқа жетіп қалған 5, көп балалы аналар 7, жалғызбасты, асыраушысынан айрылған 8 анамыз бар. Одан бөлек , тұрмыс жағдайы төмен, отбасындағы кіріс көзін осы жұмыс орнынан алып отырған қызметкерлер, сол айлыққа қарап отырған балалары оқушы, ақылы студент отбасы асыраушылары мен жас мамандарды жұмыспен қамту кімге жүктелмек? Мысалы, интернаттың педагог-психологы – жалғызбасты ана. Кәмелет жасқа толмаған үш баласымен ипотекалық баспанада тұрады. Отбасына кіретін артық кіріс көзі жоқ. Мекеме жабылған жағдайда мекеме қызметкерлерін аз уақыт ішінде жұмыспен қамтиды деген жауапкершілікті кімнен сұраймыз? Қазіргі уақытта әр адамның басында екі несиеден бар деп айтсақ та болады. Тәуекел етіп жұмысына сеніп отырған адамдардың жағдайы қалай болмақ?! Сұрақ көп… Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы М.Мелдебекованың тілшіге берген сұхбатында егер де мекеме жабылған жағдайда ішіндегі жұмыс жасаушы барлық 43 қызметкерді жұмыссыз қалдырмайтындығын айтқан. Алайда, осыдан 4-5 жыл бұрын жабылған «Макаренко балалар үйінен» босап шыққан қаншама қызметкерлер осы күнге дейін үйлерінде жұмыссыз отыр. Олар да солардың қатарынан боламыз ба деп қорқады. Қазіргі уақытта бала санының аздығына байланысты жабылу қаралсын деген ұсыныстары өздерінің тарапынан жасалған кедергіден туындап отыр. Қызылорда облысы бойынша есепте тұрған жергілікті полиция департаментінде есепте тұрған кәмелет жасқа толмаған балалар саны жетерліктей. Бірақ , Ақтөбе облысынан да Қызылорда облысынан да девиантты мінез-құлқын түзетуді қажет ететін балалар жіберілмей отыр. Алайда, облыстық білім басқармасының басшысы Майра Меделбекованың қызметке келгеніне көп болған жоқ, келген күннен бастап-ақ жұмысты облыстық девиантты мінез-құлық балаларға арналған мектеп-интернатын жабу керек дегеннен бастаған еді. «Қыт-қыттаған тауық тумай қоймайды» деген емес пе? Майра Мелдебекованың айтуымен Ақтөбе облысының орынбасары, Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Марат Тоғжановқа хат жолданады.

Құрметті
Марат Лұқпанұлы!

Республикада 7 девианттық мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымдары қызмет атқарады. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 1 арнайы ұйым орналасқан. Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы №300 қаулысы негізінде Қызылорда облысы әкімдігінің 2004 жылғы 28 қыркүйектегі №150 қаулысына сәйкес ашылған. Мекеме ашылғаннан бері 362 бала тәрбиеленді, оның ішінде 2013 жылдан бері 19 бала Ақтөбе облысынан сот шешімімен жіберілген. Биыл интернатта 6 бала тәрбиеленуде. Оның 2-уі Ақтөбе облысынан сот шешімі негізінде жолданған. Қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым миинистрлігінің 2018 жылғы 3 қазандағы 3-15-3/3565-И тапсырмасына назарға алып, арнайы ұйымдардың әрі қарай перспективасын анықтау мақсатында интернатты трансформациялау жұмыстары жүргізілуде.
Осыған орай, Ақтөбе облысынан соттың шешімімен келетін кәмелет жасқа толмаған балалардың басқа өңірлердегі девиантты мінез- құлықты балаларға арналған интернатқа жолдануына ықпал етуіңізді сұраймын» деп жолданған.
Алайда, атқарушы биліктің сөзін сот, заң орындауға тиісті ме? Дегенмен, Нұр-Сұлтан қаласында «Астана-Ветсервис» далада қаңғып-жүрген ит-мысықтарға 675 млн теңгеге баспана салған көрінеді.Оның қасында мектеп-интернатта жатқан сормаңдай балалардың тентек болса да, ит-мысық құрлы қадірі болмағаны ма? Облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебековаға «шығын» деген сылтау мен ғимарат керек болып отыр ма? Әлде мемлекеттік тапсырыс алу үшін істеп отырған ісі ме? Бұны біз қалай түсінеміз?

Миуа Байназарова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *