iQala қызметтерін жаңа мекен-жай бойынша алуға болады

IQala орталығының қызметтерін енді «Астанаэнергосбыт» ЖШС жаңа кеңселерінен алуға болады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. «Орталықтың міндеті «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет алу үдерісін барынша жеңілдету. Бұл дегеніміз инстанциялар арасындағы жүру бағытын межелі бір нүктеге дейін азайту, ал қызмет алу барысын едәуір ыңғайлы ету. Қала тұрғындарына құжаттарға мөр бастыру үшін көптеген мекемелерге жүгірудің қажеті жоқ. Ол үшін Iqala орталығының Қошқарбаев даңғылы 29 немесе жоғарыда көрсетілген мекен-жайлардағы фронт-кеңселерге жүгіну жеткілікті», – делінген хабарламада. iQala – «бір терезе» қағидаты бойынша әкімдік басқармаларының, коммуналдық және муниципалдық қызметтердің, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту институттарының қызметтерін біріктіретін тұрғындар мен қала билігінің өзара іс-қимылының жаңа форматы. «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ның фронт-кеңселері Бөгенбай батыр к-сі, 24/1, Сығанақ көшесі, 25 («Аңсар» БО) мекен-жайы бойынша орналасқан.