Инвестиция артты, жұмыс жалғасуда

Ауданның көшін алға сүйрейтін сала – өнеркәсіп саласы. Биыл өнеркәсіп өнімдері 24 миллиард 162 миллион 700 мың теңгеге өндіріліп, өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 2021 жылмен салыстырғанда 137,9 пайызға немесе 6 миллиард 637 миллион 200 мың теңгеге артық орындалды. Өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің негізгі түрлері, яғни «Қаратау ПРО» ЖШС бойынша өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштердің төмендеуі байқалды. Мәрмәр ұнтағы 8,2 мың тоннаға, мәрмәр үгіндісі 1,9 мың тоннаға, мәрмәр толтырғышы 12,4 мың тоннаға, кальций карбонаты 1,3 мың тоннаға заттай көлемі кем орындалды.

«Talas Investment Company» ЖШС 8542 тонна цианид натрий және 2714 тонна сульфат аммоний өндіріп, ақшалай 9933,237 миллион теңгенің өнімін шығарды. Компания экспортқа 8 айда цианид натрий 2792 тонна жіберілді, оның қаржылай көрсеткіші 4599,3 миллион теңгені құрады. Ол жалпы өндірілген өнімнің 50,5 пайызын құрап, Тәжікстан Республикасына және Ресейге экспортталды. «Қаратау Про» ЖШС 1140 тонна карбонат кальций, 46213 тонна мәрмәр ұнтағын өңдеп, кірісі 549,421 миллион теңгені құрады. «Амангелді газ» ЖШС 115,3 миллион текшеметр табиғи газ және 5,566 мың тонна газ конденсатын өндіріп, ақшалай 7281,899 миллион теңге кіріс кіргізді. «Шолақтау» ЖШС 45,7 мың тонна ұсақталған фосфат шикізатын өндіріп, өткен жылмен салыстырғанда жұмыс көлемі 87,4 пайызға орындалды. «Амангелді ГӨЗ» ЖШС 1,9 мың тонна газ өндіріп, кірісі 775,823 миллион теңгені құрады. Аудан бойынша кәсіпорындар арасында еңбек жанжалдарын, даулар мен шиеленістерін болдырмауға бағытталған шаралар қабылдау бойынша тиісті түсінік беру жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорындар арасында айлық жалақы бойынша жұмысшылар алдында қарыз жоқ.

Саладағы инвестиция бойынша 2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 7352,4 миллион теңгені, нақты көлем индексі 43,7 пайызды құрады.

Кәсіпорындардың ауданға инвестиция тарту бойынша «Новотекс» ЖШС – 440,0 миллион теңге, «Шенгелді» ЖШС – 425,0 миллион теңге, «Шенгелді-2» ЖШС – 428,597 миллион теңге, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі – 1256,32 миллион теңге, Құрылыс, Сәулет – 300,185 миллион теңге, «Шолақтау ТКӨК» – 158,983 миллион теңге, «Амангелді ГАЗ» ЖШС –1184,126 миллион теңге, облыс әкімдігінің энергетика басқармасы – 872,191 миллион теңге (Газ тарту), «Talas Investment Company» ЖШС – 1200,0 миллион теңге, «Wind Elektr City» ЖШС – 296,383 миллион теңге, «Wind Power City» ЖШС – 238,0 миллион теңге, Аудандық орталық аурухана – 84,288 миллион теңге, СПК «Бостандық агросервис» – 14,05 миллион теңге, «Қазфосфат» ЖШС – 454,277 миллион теңге жоспарлап отыр. Оның ішінде жекеменшік қаражаты 6095,7 миллион теңге (82,9%), бюджет қаражаты 1256,7 миллион теңгені құрап отыр.

Ауданда кәсіпкерлік саласы да қарқынды дамып келеді. Тартылған инвестиция көлемі де ауқымды.

2022 жылдың қаңтар-тамыз айларында шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен ауданда 2955 субъектісі тіркелді, олардың 182 шағын-орта кәсіпорын және 879 шаруа қожалықтар. Тіркелген субъектілердің 2509 немесе 84,9 пайызы жұмыс істеп тұр. Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында еңбек ететін адам саны 2022 жылдың 1 сәуіріне 3298 адам. Оның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда 469, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғаларда 76, дара кәсіпкерлікте 1688 адам және шаруа қожалығында адам жұмыспен қамтылғандар.

Бұл субъектілердегі өнім шығарылымы 1477,0 миллион теңге, оның ішінде шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 588,0 миллион, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар 6 миллион, дара кәсіпкерлер 470 миллион теңге және шаруа қожалықтар 413 миллион теңге.

Инвестициялық жобалар бойынша ауданда 2022-2025 жылдарға 39572,0 миллионның 7 ірі жобасы жоспарланған. Онда 711 адам жұмыспен қамтылатын болады. Жергілікті жерге салық мөлшері 570,0 миллион теңгені құрайды. Яғни, өңдеу өнеркәсібі бойынша 34085,0 миллион теңгенің 4 жобасы, оның ішінде химия саласында 33000,0 миллионға 3 жоба және құрылыс саласында 1085,0 миллионның 1 жобасы. Ал «Жасыл» экономика саласы бойынша 5487,0 миллион теңгенің 3 жобасы жоспарланған. Осы жобалардың ішінде аталған 3 жоба биыл іске асырылады.

2022-2025 жылдарға шағын инвестициялық жобалардың 4094,0 миллион теңгенің 149 жобасы жоспарланған. Жұмыспен 227 адам қамтылатын болады. Осының ішінде агроөнеркәсіп кешені 3056 миллион теңгеге 60 жоба, балық шаруашылығы 200 миллион теңгенің 4 жобасы және шағын кәсіпкерлікте 840 миллион теңгенің 85 жобасы жоспарланған.

Ал 85 жобаны қала және ауылдық округтер бөлінісінде 2025 жылға дейін жоспарды талдайтын болсақ 2022 жылы 478,0 миллионға 45 жоба, 2023 жылы 138,0 миллионға 18 жоба, 2024 жылы 57,0 миллионның 11 жобасы және 167,0 миллион теңгенің 11 жобасы жүзеге асады.

Несие бағыттары бойынша құс шаруашылығы – 9,0 миллион теңгенің 3 жоба, Өңдеу саласы – 101,0 миллион теңгенің 8 жоба, Қызмет көрсету – 42,0 миллион теңгенің 9 жоба, Сауда саласы – 149,0 миллион теңгенің 12 жоба, мал шаруашылығы – 536,0 миллион теңгенің 52 жоба, Бал өндіру – 3,0 миллион теңгенің 1 жобасы қолдау алады.

Ұлттық «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» аясында 20 жоба межеге қойылған болатын. Бүгінгі таңға орындалғаны 540,4 миллион теңгенің 57 жобасы іске асырылды. Меже артығымен орындалды. Субсидия тетігі бойынша 2022 жылы 8 айда 400,9 миллион теңгенің 34 жобасына қолдау көрсетілді. Инфрақұрылым тарту тетігі бойынша «Дулат» ШҚ 34,2 миллион теңгеге электр желілерін жүргізуге құжаттарын рәсімдеп, РКС оң шешім алды. Одан бөлек «Ақбас» ШҚ-ны 62,0 миллион теңгеге электр желілерін жүргізуге құжаттары түгелденіп басқармаға жіберілді. «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша 139,5 миллион теңгенің 23 жобасына кепілдік алды. Бастауыш кәсіпкерлер үшін мақсатты мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының қаражатты бөлуіне сәйкес жұмыстар жасалады. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Қаратау ПРО» ЖШС зауыттың шығаратын өнім көлемінің қуаттылығын арттыру мақсатында екінші деңгейдегі банк арқылы 1085,0 миллион теңгеге несиеге оң шешімін алды.

Ал «Әулие-ата НС» ЖШС-нан 2022 жылдың 1 шілдесіне «Агробизнес» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығы мақсатында несие алуға өтінім білдірген ішінен 85,8 миллион теңгеге 7 жоба оң шешім алған.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы іске асырылатын «Агробизнес» бағдарламалар бойынша 248,4 миллион теңгеге 16 жоба оң шешім алды. 2022 жылдың 1 маусымына «Казагролизинг» АҚ, 105,0 миллион теңге құрайтын 7 жоба оң шешім алған.

«Тараз» әлеуметтік-әріптестік корпорациясы» АҚ арқылы іске асырылуға ұсынылған жобалар қатарында Қаратау қаласынан макарон цехын соғу. Жоба құны – 22,0 миллион теңге. Жоба ұсынушы ЖК «Айару». Қаратау қаласында сүт цехын соғу. Жоба құны – 39,0 миллион теңге. Жоба ұсынушы «Талас 2021» ЖШС. Қаратау қаласында қымыз порошогы цехын соғу. Жоба құны – 25,0 миллион теңге. Жоба ұсынушы «Құлтай Ата» ШҚ.

2022 жылдың 1 қаңтарына кәсіпкерлерді қолдау мен ынталандыру және олардың ақпараттық қамтылуына ықпал ету мақсатында жыл басында іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілген болатын. Қаңтар-мамыр айларында 13 ауылдық округте мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды насихаттау, бағдарламалардың тетіктерін, шарттарын түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сәуір айында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директорының және екінші деңгейдегі банктердің ШОБ субъектілерін қолдау бөлімінің өкілдерінің қатысуымен Қаратау қаласы әкімі аппаратының мәжіліс залында мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында несие алуға ниетті кәсіпкерлермен кездесу өткізілді. Мамыр айында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Аграрлық несие корпорациясы», «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамдары өкілдерінің, салалық басқарманың кәсіпкерлікті қолдау бойынша құрылымдық бөлімшенің басшыларының өкілдерінің қатысуымен қала және ауылдық округ кәсіпкерлерімен кездесулер өткізілді. Аудан кәсіпкерлерін ынталандыру мақсатында ет, сүт, жылыжай, балық бағытындағы кәсіпті дамытуға тәжірибе алмасуға Түркістан облысы, Сайрам ауданына жұмыс сапарлары ұйымдастырылды.

Мемлекеттік бағдарламалар бойынша проблемалық мәселелер де бар. Атап айтқанда, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге екінші деңгейдегі банктер арқылы кредит алу мүмкіндігінің жоқтығына байланысты несие алу мүмкіндіктерін қарастыру керек. Екінші деңгейдегі банктердің ауданымыздың ауылдық жерлерінен және кейбір банктердің Қаратау қаласынан кәсіпкерлердің кепіл мүліктерін қабылдамауы мәселесін шешу туралы тиісті мемлекеттік органға ұсыныспен шығып та отырмыз. Банктерде жобаларды қарау мерзім 3 айға дейін созылуына байланысты депутаттық сауал жолдауды халық қалаулыларына тапсырдық. Мемлекеттік бағдарламада шектеу белгіленбегеніне қарамастан екінші деңгейдегі банктердің мал шаруашылығы бағытындағы жобаларды қарамауына байланысты шешу жолдарын қарастыру біз үшін маңызды болып отыр. Ал «Агрокредиттік корпорация» АҚ «Іскер» бағдарламасы аясында қаражат бөлінбеуіне байланысты, қазіргі таңда несие алу үшін жеке кәсіпкерлердің құжаттары тоқтап тұр.

Дегенмен де ауданның экономикалық әлеуметтік даму қарқыны жүйелі жұмыстардың арқасында жүзеге аспақ. Ал бұл мақсаттағы негізгі тетіктердің тұрақты жұмыс істеуіне, кедергілердің болмауына аудан әкімдігі барлық күшін салатын болады.

Ауданның табиғаты мал шаруашылығына өте ыңғайлы. Сондықтан аудан шаруалары мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмекке қол созып, өз шаруаларын ширатып отырған жайы бар. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімі қаңтар-тамыз айларында 13 миллиард 728 миллион 100 мың теңгеге өндіріліп, нақты көлем индексі 104,7 пайызды құрады.

Ағымдағы жылдың 8 айында ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі 49,52 миллион теңгені құрады. 2021 жылы тартылған инвестиция ауыл шаруашылығы техникалары, қазылған құдықтар, тамшылатып және жаңбырлатып суару, трактор тіркемелері, жаңа салынған қоражайлардан құралған болатын ал биыл 8 айда енгізілген инвестиция тек қана ауыл шаруашылығы техникалары алынды.

Ауданда агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бағдарламаларын орындау мақсатында «Агробизнес» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан Қаратау ауылдық округінен «Нұр-Ислам» ШҚ 24,0 миллион теңге несие алып, 480 бас қой малын және Берікқара ауылдық округінен «Омар» ШҚ 40,0 миллион теңге несие алып, 571 бас қой, 30 бас жылқы сатып алды. Қызыләуіт ауылдық округінен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы Елеусін Ә. 5 миллион теңге алып, 6 жылқы сатып алды. «Алшын» шаруа қожалығы 6,7 миллион теңгеге 14 жылқы сатып алды. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы «Ғалымжан» шаруа қожалығы 14 миллион теңгеге 25 жылқы сатып алды. «Казагрокредит» арқылы «Найзақызыл» шаруа қожалығы 14 миллион теңгеге 280 бас аналық уақ мал сатып алса, Кеңес ауылдық округінен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Шерім» ШҚ 30 миллион теңгеге қой және жылқы малын сатып алған.

Ойық ауылдық округінен «Аулие-Ата» несие серіктестігі ЖШС арқылы «Ерзат» шаруа қожалығы 23,575 миллион теңгеге 22 бас жылқы, «Мұса» шаруа қожалығы 18,1 миллион теңгеге 40 бас жылқы сатып алған. Аққұм ауылдық округінен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Қожа» шаруа қожалығы 3,4 миллион теңгеге 68 бас қой, Кокишев Г. 5 миллион теңгеге 16 бас мүйізді ірі қара сатып алды. С.Шәкіров ауылдық округінен «Саян» ШҚ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 40 миллион теңгеге асыл тұқымды қой малын сатып алып отыр. Бостандық ауылдық округінен «Аулие-Ата» несие серіктестігі ЖШС арқылы «Бірлесу» ШҚ 15,0 миллион теңгеге 303 бас ұсақ мал, «Жандарбек» ШҚ 15,5 миллион теңгеге 148 бас қой, 18 бас жылқы, «Жарылқасын» ШҚ 10,5 миллион теңгеге 120 бас ұсақ мал, 10 бас жылқы сатып алды.

Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Дархан» ШҚ 15 миллион теңгеге 350 бас уақ мал сатып алса, Қаратау ауылдық округінен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Нурислам» ШҚ 24 миллион теңгеге 500 бас уақ мал сатып алды.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында Қызыләуіт ауылдық округінен «Еламан» шаруа қожалығы 2025 жылға дейін 414,0 миллион теңгеге 5000 бас қой бордақылау алаңын іске қосады. 2021 жылы 80,0 миллион теңгеге Қызыләуіт ауылынан электр желісі тартылды. Бүінгі күні мұнда 1000 бас қой бордақыланып тұр.

2022 жылдың өнімі үшін барлығы 14195 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, 1193 гектарға пар дайындалды. Яғни, барлық егістік жердің 76 пайызы игерілді. Оның ішінде күздік бидай 5000 гектар және бұрынғы жылдардағы көпжылдық шөп 4465 гектарды құрап отыр.

Көктем айларында 4630 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын енгізу жоспарланған. Нақты егілгені 4730 гектар. Оның ішінде 1600 гектар жаздық арпа, 500 гектар дәндік жүгері, 750 гектар мақсары, 50 гектар күнбағыс, 130 гектар картоп, 300 гектар бақша, 200 гектар көкөніс және 1200 гектар көпжылдық шөп. Берікқара, Қаратау, Қасқабұлақ ауылдық округтерінің Қаратау жотасында орналасқан масақты дәнді дақылдарының өнімін жинау жұмыстары 100 пайыз аяқталды. Атап айтқанда, Берікқара 2010 гектар, Қаратау 1900 гектар, Қасқабұлақ ауылдық округ 1090 гектар.

Биылғы жылы арпа-бидайдың шығымы 2021 жылмен салыстырғанда өте жоғары. Егін орағына – 14 дана комбайн, 18 автомашина және бірнеше ауыл шаруашылығы техникалары қатысты. Күздік бидайдың орташа түсімі гектарына – 14,6 центнерден, жаздық арпа – 10 центнерден айналды. Сонымен қатар 120 гектар (92,3%) алқаптан орташа түсімі 230 центнерден 2760 тонна картоп өнімі алынды (жоспар – 130 га), 300 гектар (100%) алқаптан түсімі 260 центнерден 7800 тонна бақша өнімі алынды (жоспар – 300 га) және 195 гектар (97,5%) алқаптан орташа түсімі 260 центнерден 5070 тонна көкөніс (жоспар – 201 га) өнімдері жиналды.

Аудан шаруалары 2023 жылдың өнімі үшін 5000 гектарға күздік бидай септі. Қажетті тұқым 900 тонна. Қолда бары 766 тонна (І репродукция -286 тн, ІІ репродукция 345, ІІІ репродукция 135 тн). Қажетті тұқым 134 тонна. Жетіспейтін тұқым көлемін облыс аумағындағы тұқым өндіруші шаруашылықтарынан алу үшін жұмыс жүргізілуде.

Бүгінгі күні аудан шаруаларының қыс маусымынан шығу үшін жем-шөбі жеткілікті. Аудан әкімдігі жанынан құрылған штабқа аудан әкімінің салаға жауапты орынбасары төрағалық етіп, күнделікті есеп алынып отыр.

Нұрбол ЖҮНІСБЕКОВ

Талас ауданының әкімі
aqjolgazet.kz