ҒИБРАТТЫ КЕРУЕН МОЙЫНҚҰМДА

Кеше 20 маусым күні ауданға келген тағылымды жобаның бүгінгі түске дейін ауданда өткізілген іс-шаралар легімен таныстыра отырайық: * ҚР еңбек сіңірген әртісі М.Әлімбетованың «Мойынқұм», «Құмөзек» халықтық театрларына шеберлік сағаты * «Шебердің қолы ортақ» атты ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, суретші,қолөнер шебері Қ.Аманқосовтың шеберлік сағаты * «Мойынқұм» халықтық ән-би ансамбліне Халықаралық конкурстардың лауреаты, домбырашы Д.Басығараевтың шеберлік сағаты * Аудандық коворкинг орталығындағы зиялы қауым өкілдерінің басқосуы. Жиында тәрбие, дін, руханият тақырыбында сөз қозғалды.