Еркектерді ерегісіп жеңу өте қиын

Бір кездерде бір елде ерлі зайыптылар өмір сүріпті. Күйеуінің өзіне деген көңілінің суый бастағанын сезген келіншек. Күйеуіне:
— Мен сені жастайымыздан қосылған соң аяп тастап кете алмай жүрмін. Болмаса соңымнан қанша жігіт еріп жүр.
— Кетші ей, саған құмар болып жүрген қандай жігіт ол?
— Сенбесең көшеге бірге шығайық. Сен менің артымнан еріп жүріп байқа, өзің көресің.
Сонымен екеуі көшеге шығады. Келіншек алда жігіт артында. Бір кезде әйелі бір сымбатты жас жігіттің қасынан өткен кезде жігіт артына бұрылып әйелдің соңынан қарап қалады. Күйеуі бұл жәй кездейсоқтық болар,- деп ойлайды. Тағы біраз жүргенде сөйлесіп келе жатқан жігіттер тоқтай қалып әйелдің соңынан қарап қалады. Жігіт ойлана бастайды. Және біраз жүрген соң керемет сұлу әдемі киінген жігіт әйелінң соңынан қарап тұрып басын шайқайды. Күйеуі жүгіріп барып әйелін құшақтай алып.
-Жаным кешір мені. Мен сенің қадіріңді біле алмай жүрген екенмін. Болды үйге қайтайық, — деп үйлеріне қайтыпты. Арада 30-40 жыл өтіп кемпір шал болып отырғанда кемпір айтыпты… Баяғыда көшеге шыққанда алдымнан кездескен тәуір жігіттерге тілімді шығарып аузы басымды қисаңдаттым, — деген екен. Міне ақылды әйел ақымақ еркекті осылай бас білдіріпті. Аяулы қыз-келіншектер еркек байғұстарды алдау өте оңай. Оларды ерегісіп жеңу өте қиын. Ақылмен, нәзіктіктеріңізбен ер адамды жеңу оңай. Бақытты болыңыздар.
Абдірейім Өміров