«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша комиссия отырысы өткізілді

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, яғни жаңа кәсіп ашу мақсатында мемлекет тарапынан қайтарымсыз гранттар қарастырылған.

Бағдарламаға қатысушылар, оның ішінде жастар, көпбалалы және табысы аз отбасылардың мүшелері, еңбек етуге қабілетті мүгедектер, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік гранттар алуға үміткер бола алады.

Бүгінгі күнге аудан Байзақ  әкімдігінің  жұмыспен қамту орталығына «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік қайтарымсыз несие  алуға жыл басынан 700 өтініш түсті.

Өтініштің  біраз бөлігі мал шаруашылығы (ірі және ұсақ),  үй құстарын сатып алуға және жеке кәсіп ашуға( сән салоны, тігін шеберханасы, ыдыс-аяқ жалға беру, автокөлік терді техникалық жөндеу салондары тағы да басқа)  түрлері бойынша бағытталған.

Мемлекеттік қайтарымсыз несие өтініштерін қарау бойынша  жыл басынан 6 комиссия отырысы өткізілген, соңғы комиссия отырысы 2021 жылдың 28 шілдесі күні өткізілді.