Елордада ахуалдық орталық құрылды

«Қалада эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бірқатар шешімдер қабылданды. Біріншіден, жедел медициналық көмек базасында байланыс орталығы құрылды. Онда дереу талдау жасалып, кеңес беру қызметі көрсетіледі. Бұл күніне шамамен 500 өтінім. Сондай-ақ қалалық аумақтық емханаларда жауапты тұлғалармен байланыс орталығы құрылды. Олар туралы ақпарат интернет-ресурстарда қолжетімді. Қаламыздағы iKOMEK ақпараттық орталығында медициналық ұйымдардың әр басшысына арналған мобильді қосымшалар бар. Өтінімдер бірден олардың мобильді қосымшаларына түседі», – деп түсіндірді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова. ⠀ Сәуле Қисықова елордада ахуалдық орталық құрылып, онда қаланың төсек-орын қоры КВИ және науқастар ағымымен реттелетінін атап өтті. «Жоспарлы амбулаториялық-емханаға баруды уақытша тоқтату есебінен бұл кадрлық ресурстар қосымша жедел медициналық жәрдем бригадаларын құруға бағытталды. Жақында 32 бригада құрылды. Бүгінде қалада 150 бригада жұмыс жасауда», — деді ол.