Елдің бағына туған азамат

Бердібек Сапарбаевты Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасу кезеңінен бастап, еліміздің бүгінгі даму белесіне дейін сүбелі үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері деп есептеймін.
Екі Президент, 11 Премьер-министрмен қоян-қолтық еңбек етіпті. Сол Үкімет басшыларының екеуіне орынбасар болған екен. Ал енді 5 облысқа әкім болғаны – тек Сапарбаевқа ғана тән факт.
Бердібек Машбекұлын көптен бері танимын. Және алғашқы танысудан кейін-ақ әпкелі-інілі бауырлардай өте жақсы қарым-қатынаста араласып кеттік. Бізді байланыстырған елдің тілі, көзі һәм құлағы саналатын, бұқара мен биліктің алтын көпіріне айналған ГАЗЕТ.
Яғни оның бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынасы, кері байланысы да көп әкімдерге үлгі боларлықтай. Тыңдай біледі, сол арқылы жұртқа жақынырақ жүреді.
Кейде жұмыс бабымен әкімдерге хабарласуға тура келеді. Бірақ, әкім тұрмақ оның көмекшілерімен тілдесу мүмкін болмайтын жағдайлар көп болды. Ал Бердібектің телефон көтермейтін кезі өте сирек, онда да өзі кейінірек хабарласып, қол тимегенін, жиналыста болғанын айтып, айыпқа бұйырмауымды сұрайтын. Қабылдауына болғанда хатшысы отыратын жерден, тіпті дәліздің, кейдекабинетінің есігін ашып қарсы алып тура солай шығарып салады. Үлкенді, ананы силап құрметтеуі. Бұл азаматтың «Ұлық болсаң, кішік бол» дегендей тектілігі мен кісілігін, кішіпейілділігін, қарапайымдылығын көрсетсе керек.
Жамбыл жерінен жәй кетпей үлкен ағалардың, ақсақалдардың басын қосып, ақ батасын алып жатыр екен. Міне, бұл нағыз қазақы рухты, ұлттық болмысты, кең жүректі, елжанды азаматтың әрбір әрекеті осындай болса керек. Міне қазақы болмысы ұлттық құндылықтарды бағалауы, кісілігі кішілігі.Биліктегі азаматтарға, жастарға, үлгі боларлықтай көп қасиеттерінің бірі.
«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын».. Қай қызметке барса да, қай облыстың тізгінін ұстаса да тілеуін тілеп жүрдім. Өйткені Бердібек бауырымның ең алдымен адамгершілігі, қызметтегі тәжірибесі, ұлтжандылығымен қатар қиын шақта шешім шығара алатын принципшілдігі оны өзгелерден ерекшелеп тұратын.
Өткеннен ШҚО кішкене естелік келтіре кеткенді жөн көрдім.

Ұлтын шын сүю ұлтжандылығы!  Бір түнде «күн көсем» болған ШҚО әкімдігінің қасқайып алдында тұрған Лениннді, ұлы Абаймен алмастырған. Біз сонда іссапарда едік орыстары басым киржактары бар.Өскеменнің шеберлікпен үнінде шығармады..! Ерлік емеспе ағайын..?!

Ұлы Абай өскеменге рух әкелді оны сол кезде газетіміз айқара бірінші беттен бет бердік. Өскеменнің жан жағы таулы екені белгілі Семей, Аягөзге баратын тауға әдемілеп таспен Қазақстан деп жарқыратып қойғанында қаншама мән жатыр, қазірге дейін бар. Толарсақтан су кешіп шығыс өңірінде халықпен бірге жүргенінде көрдік, жаздық. Халықтың жүрегінде тарихта алтын әріппен қалғаны сөзсіз, Бердібектей азаматтың..!

Жамбыл жеріне басшы болып келгенде ерекше қуандым. Өйткені төркінім – Әулиеата өңірінде болған, жүректі сыздатқан Қордай оқиғасы мені де бейжай қалдырмады.
Б.Сапарбаевтың Жамбылға Үкіметтік комиссияны басқарып келіп, артынша сол аймаққа басшы болып тағайындалғаны өте сәтті шешім болды деп санаймын.
Өзінің біліктілігінің, биліктегі табандылығының арқасында «кризис-менеджер» атанып кеткен саяси тұлғаны Мемлекет басшысы ахуалы ушыққан қызған нүктенің «температурасын» басуға бекерден-бекер жібермесе керек.
Ол жердегі қираған, бүлінген үйлер мен өзге де нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын жедел үйлестіруден бөлек, жағдайды одан әрі ушықтырмай, бір сөзбен айтқанда өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай алып өтетін, елдің көңілінен шығатын басшы керек болды.
Және ол таңдаудың бірден Бердібек Машбекұлына түскені өте дұрыс қадам.
Президент тапсырмасымен Қордай ауданына бөлінген 35 миллиард теңгеден астам қаржыны шашау шығармай игере алды. Қаншама ауыл газбен қамтылып, бұрын-соңды асфальт көрмеген көшелер тақтайдай теп-тегіс болып шыға келді. Осыншама қаржының игерілуі өте ауқымды, сұрауы көп жұмыс.
Одан кейінгі Байзақ жетінде төтеннен болған жарылыс та жұрттың жүрегіне аз жара салған жоқ. Мұнда да аз уақыттың ішінде қираған үйлерді қалпына келтіру оңай соқпады. Облыс басшысы ретінде осы тұста да Б.Машбекұлы өзінің мықты, абыройлы екенін көрсетті. Жедел штабтың
төрағасы ретінде әскери бөлімге жиі барды. Жағдайды қағаздан емес, өз көзімен бақылып отырды.
Осы оқиғаға байланысты біз де Жамбыл жеріне аяқ басып, қаза тапқан құтқарушылардың, әскерилердің шаңырағында болдық. Қан жылаған жүректерін тыңдадық.
Осы сапарымызға да Б.Сапарбаевтың тигізген қолғабысы көп болды. Штаб басында жолығып, сұхбат та құрдық. Телефонмен де үнемі байланыста болдық.
Міне, осындай атан түйеге жүк болар тапсырманы орындауда Бердібек Машбекұлы аянып қалған жоқ. Қысқасы ондағы экономикалық жағдайды оңалтып, қоғамдық-саяси ахуалдың тамырын тап басып, ретке келтіруде сыналудай-ақ сыналды. Бірақ сынбады, мықтылығын көрсетті.
Қордай оқиғасынан кейін сол өңірге өзім де 4-5 рет арнайы барып, тұрғындармен кездесіп, ішінде қалып кеткен сөздерін тыңдап, жазықсыз тергеуде жатқан азаматтардың отбасыларымен жүздесіп, артынша бірнеше көлемді мақала да жаздық. Сол сапарларымда облыс әкімі ретінде ғана емес,
жалпы адам ретінде де, азамат ретінде де көмегін тигізіп, рухани қолдау білдіріп отырды.
Б.Сапарбаевтың қызметтен кеткен сәтінен әлеуметтік желіні оған деген жұрттың ыстық ықыласынан, ерекше қимастығынан туған көптеген лебіздер мен жарияланған жазбалар жан жадыратады.
Бердібектің Қордай оқиғасының салдарын жоюдағы жұмысынан бөлек, өңірді көркейту, ауыл шаруашылығын алға бастыру бағытындағы сіңірген еңбегі де ұшан теңіз.
«Таразға тарту» жобасы аясында облыс орталығында қаншама мәдени-демалыс аймақтары пайда болып, аллея, скверлер адам танымастай құлпырып шыға келді.
«Асарлатып үй салу» жобасы қанша үйсіз-күйсіз жүрген жандардың көз жасын сүрткендей болды. Қаншама отбасы өз баспанасының бақытын сезінді.
«Түлектер тартуы» атты бастамасы да шетте жүрген қаншама кәсіпкер жандардың жүрегіндегі туған жерге деген сезімін оятты. Аймақтан шыққан белді де беделді азаматтардың бір арнаға тоғысып, бүр үденің аясында күш біріктіре жұмыс істеуіне ұйытқы бола білді. Мұның бәрі Бердібек Машбекұлының абырой-беделінің де арқасы шығар.
Елдің дамуына, тәуелсіз Қазақстанның аяққа тұрып, қатарға қосылуына біркісідей-ақ атсалысып, барынша күші мен энергиясын жұмсай білген Бердібек Машбекұлына отбасына бақ береке, өзіне қашанда мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін.
Естеріңізде болса облыстағы қызметінің соңғы күніне дейін «ат үстінде болды» Әлі де берері көп. Әкім маңдайына жазылып қойған жоқ…! Дегенмен, 30 жылдағы ең үздік әкімдердің бірі. Жас әкімдерге жақсы тәлімгер болар еді деп ойлаймын!

Ұлтжанды, еңбекқор, ардагер, азамат ел ағасы , Бердібек бауырымның үйде отыруы қиянат болар еді. Жастары қатарлас ел президенті Қ.Тоқаев керек кезінде пайдаланып, бос қалдырмас. Алмағайып ел үшін,осындай қиын сәтте. Қайда жүрсең де аман бол, айналайын, бауырым!..

 

 

 

 

 

 

Сәуле Мешітбайқызы, Қр Еңбек сіңірген қайраткері