ЕКібастұзға біздің көмегіміз

YDD корпорациясы мен Asia FerroAlloys Екібастұз халқына көмек көрсетуге өз үлесін қосты.

 


Екібастұз жылу электр орталығындағы апат ешбір қазақстандықты бейжай қалдырмады. Ең қысқа мерзімде көптеген кәсіпорындар облысқа жөндеу бригадаларын, арнайы техника, азық-түлік, қажетті материалдарды жөнелте бастады. «YDD Corporation» және «Asia FerroAlloys» компаниялары да шет қалмады.

 

 

Кәсіпорын тұрғындардың өтініші бойынша 500 портативті газ плитасы, оларға 3000 газ баллоны, сондай-ақ май жылытқыштар, көрпе, термос сияқты басқа да қажетті жылытылатын тұрмыстық бұйымдарды жеткізіп берді. Компаниялар жөндеу бригадаларына 500 кг дәнекерлеу электродтарын сыйға тартты.

 

Сонымен қатар, алғашқы күндері компания ақауларды жедел жою үшін апат орындарына құбырларды тасымалдау үшін ұзын ұзындықтағы борттық арнайы техниканың 3 бірлігін жіберді.

 

IMG_5903