Егер күйеуге шығар болсаң!..

Бір күні Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға (с.ғ.с) бір әйел адам келіп сұрақ қояды:

— Мен бір ер адамға тұрмысқа шығайын деген едім. Оған не айтасыз?
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) күлімсіреген күйі былай деп жауап береді:

-Ер адамның әйелінен алатын ақылары көп, сен олардың бәрін бірдей орындай алар ма екенсің»?

Әлгі әйел:

— Ер адамның қандай құқықтары бар сонда?

— Егер сен оны ренжітсең, бұл сенің Аллаға қарсы шыққаның болып саналады, және сенің намазың қабыл болмайды.

— Тағы да бар ма?

— Егер әйелі күйеуінің рұқсатынсыз көшеге шығатын болса, онда әр қадамына күнә жазылады.

— Тағы да бар ма?

— Егер әйелі күйеуіне жаман сөздер айтса, ақырет күні тілі мен арқасына асылады.

— Одан басқасы бар ма?

— Егер әйелінің дүние-мүлкі бола тұра, күйеуіне көмектеспесе,
ақырет күні жүзі (қаралардан) болады.

— Тағы бар ма?

— Егер әйелі күйеуінің дүние-мүлкінен әлденені жымқырып, оны біреуге берсе, сол үшін ерінен кешірім сұрамаса, онда Алла онмың берген садақасын да, зекетін де (қабыл етпейді.)

-Тағы бар ма?

— Қандай да бір әйел еріне дауыс көтеріп, онымен ұрысып, оған қарсы шығатын болса, онда тозақта тілімен асылғандардың (қатарында болады.) Ән-күй айтылып, музыка ойнатылатын жерлерге барса немесе сондай орынға ақша төлейтін болса, онда оның барлық сауаптары (күйіп кетеді,) жоқ болады және үстіне киген киімдері оның үстінен былай деп арыз айтып, шағымданады: «Бізді берекелі күндері және күйеуінің алдында жүргенде киместен, харам жерлерге киді». Мұндай әйелдерді
Алла Тағала 1000 жыл отқа жағуға бұйырады.

Осының барлығын тыңдап болғаннан кейін әлгі әйел:

-Уа, Алланың елшісі! Мен бұған дейін күйеуге шыққан жоқпын, енді мүлдем шықпаймын, — дейді. Бұған Пайғамбарымыз (с.ғ.с) :

-«Саған күйеуге шығар болсаң, сол үшін қанша сауап алатыныңды айтайын ба? Онда тыңда:

-Егер ерің саған: «Алла саған разы болсын!» десе, онда ол 60 жыл ғибадатыңнан да артық.

-Егер сен күйеуіңе бір жұтым су беретін болсаң, бұл сенің бір жыл ораза тұтқаныңнан да артық болады.

-Еріңнің төсегінен ғұсыл алмақ болып тұрсаң, ол үшін 1000 рет құрбан шалғандай сауап аласың.

-Егер күйеуіңе ешқандай қулық ойламастан, өмірден өтетін болсаң, онда аспандағы періштелер сен үшін тасбих айтатын болады.

-Ал егер күйеуіңе қылымсып, оған еркелеп сөйлейтін болсаң, бұл 60 құлды азат еткеніңнен де абзалырақ.

-Күйеуіңнің мүлкін сақтап, оның туысқандарымен жақсы қарым – қатынаста болып, күніне бес уақыт намаз оқып, ораза тұтсаң, онда ол Қағбаны 1000 рет тәуап етіп, айналғаныңнан да артық»,- деген

«Қиямет күні әйелден ең бірінші сұралатын нәрсе, намазы және күйеуіне мойынсұнғандығы». (Абу Шейх риуаят еткен)

«Менің үмметімнің ең жақсы әйелдері, күйеулеріне сәлемі түзу (яғни, бойсұнушы) және қанағатшылдары». (Айша р.а. анамыздан ибн Ғади риуаят еткен)