«ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков және «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дулат Сұлтанбеков Байзақ ауданындағы «Шыңғыс» шаруа қожалығының жетекшісі Әуесбек Әбдуалиевке ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін табыстады.
Байзақ ауданы, Дихан ауылдық округі, Аймантөбе ауылының тумасы Әуесбек Әбдуалиев 45 жыл колхозда механизатор болып жұмыс істеген. Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған 87 жастағы қария «Шыңғыс» шаруа қожалығына жетекшілік етіп, өңірдің ауыл шаруашылығы саласына өз үлесін қосып келеді.
— Халқымыз «Өмірдің денесі — жер, қаны — су, жаны — еңбек» дейді. Шындығында, жерге еңбек еткенде ғана ел мен жер байлығы молаяды. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласының тиімділігін арттыру арқылы ел байлығын молайту — парызымыз, — деген басқарма басшысы Нұрби Рахметханұлы өзінің білімі мен тәжірибесін, кәсібіне деген құрметті ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан сала ардагеріне өз алғысын білдірді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы