«Дипломмен ауылға» бағдарлама.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап «Дипломмен ауылға» жобасының сенімді агенті болып Отбасы банк тағайындалды.
Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беруді және 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеуді көздейді.
Өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданатын болады.
♦️Дипломмен ауылға» жобасына қатысуға өтінім беру үшін қатысушы otbasybank.kz порталында тіркелуі және ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қоюы қажет.
Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген немесе бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда).
▫️• Қарыздың ең жоғары сомасы 1500 АЕК-ке дейін, кредит бойынша мөлшерлеме 0,01%-ға тең (ЖТСМ – жылдық 0,01%-дан басталады)
▪️• Қарыз маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі.
▫️• Кредиттің ең көп мерзімі – 15 жыл.
▪️• Негізгі талап – жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек.
Іске асыру кезеңінен бері 38 000 қазақстандық ауылдағы мансап бойынша таңдау жасады.
«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталатын күнін банк қосымша хабарлайды.
Толық ақпарат www.hcsbк.кz сайтта.