«Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ!»

Сарысу ауданында спорт ардагері Еркебаев Әнуар Икрамұлын еске алуға арналған «Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ!» тақырыбында футболдан дәстүрлі облыстық турнир басталды. Жарысқа 2012-2013 жылы туған жасөспірімдерден құралған 10 команда қатысып, бақ сынасуда.

Түркістан облысы Таукент ауданынан 2 команда, Созақ ауданы 1 команда, Жамбыл облысына карасты аудандар мен Тараз каласынан 7 команда қатысуда. Жарыстың қорытындысы ертең белгілі болады.