Динара Құлыбаева коронавируспен күреске 4,5 миллиард теңге бермек

«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Қазір әлем тығырыққа тіреліп, қиындаққа тап келгенде біз де бірге болып, күш біріктіріп, өз дайындығымызды көрсетуіміз керек. Halyk қайырымдылық қоры Елбасының індетпен күресу үшін республикалық қор ашу керек деген бастамасын қолдайды. Қордың қамқорлық кеңесінің отырысында коронавирус індетімен күресуге 4,5 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдадық. Барлық қиындықтың еңсереміз деп ойлаймын. Қазір шынымен көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуымыз керек. Қиын сәтке қарамастан Наурыз мейрамымен бірге әр үйге қуаныш, шаттық кірсін.

Құрметпен Динара Құлыбаев» делінген хабарламада.