CАРЫСУДА ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің құрылғанына 15 жыл толуына орай, Жаңатас қаласындағы спорт кешенінде «Сарысу – саялы мекенім» атты облыстық спартакиада өткізілді.

‍♂️ Спартакиадаға Қордай, Меркі, Талас, Шу, Сарысу аудандарынан киберспорт, дойбы, садақ ату және үстел теннисі сияқты спорт түрлері бойынша 5 команда сайысқа түсті.

Жарыстың салтанатты ашылуына аудан әкімі М.Сұлтанғалиев және аудандық мәслихат хатшысы А.Сейналиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен командалық жарыста 1 орынды Меркі ауданы, 2 орынды Шу ауданы, 3 орынды Талас ауданының командалары иеленді.

‼️ Жарыс жеңмпаздарын аудан әкімі М. Сұлтанғалиев арнайы құттықтап, ұйымдастырушылар тарапынан тағайындалған дипломдар мен заттай сыйлықтарды табыс етті.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі