Бақ пен Даулет

Баяғыда сексеннің сеңгіріне шыққан ақсақалға немересі жүгіріп келіп, ата-ата есіктің алдына Бақ келіп тұр депті. Осы уақытқа дейін қонбаған бақтың енді маған керегі жоқ деп, қария орнынан қозғалмай отыра беріпті.

Немересі екінші рет жүгіріп келіп ата-ата есіктің алдына Даулет келіп тұр депті. Осы уақытқа дейін қонбаған Дәулеттің енді маған керегі жоқ деп, орнынан қария қозғала қоймапты.

Сонда немересі үшінші рет жүгіріп келіп, ата-ата есіктің алдына Амандық келіп тұр деген екен. Сонда әлгі қария таяғына сүйене жығылып сүрініп есігінің алдына шығып мені, менің ұрпақтарымды осы уақытқа дейін аман сақтап жүрген Амандығым төрге шық деп төрінен орын беріпті.

Сонда, Амандықпен бірге Бақ пен Даулет босағасына келіп жайғасыпты-дейді ақсақалдың. Қасиетті Рамазан айында барлықтарыңызға тілерім, қашанда Амандық төрлеріңізден орын алып, Бақ пен Даулет босағаларыңыздан кетпесін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын бауырлар.