Балқашта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тілдерді үйренуге арналған үшінші тегін кабинет ашылды.

Наурыз мерекесі қарсаңында Балқашта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тілдерді үйренуге арналған үшінші тегін кабинет ашылды.

Ол Қоңырат шағын ауданында жабдықталды. Енді тұрғындар өздерінің тілдік сауаттылығын сол жерде арттыра алады.

 

 

Кабинет барлық қажеттіліктермен жабдықталған. Мұнда тек латын графикасы негізінде қазақ тілін ғана емес, сондай-ақ ағылшын тілін де, әр түрлі халықтардың тілдерін де оқуға болады. Оқыту мүлдем тегін, оқытушылар білікті. Бағдарлама үш айға есептелген.

 

Жомарт Шаймұрат