Балқашта алғашқы ұстаз Ыбырай Алтынсаринге арналған аялдама орнатылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Отыз жылдыққа — отыз аялдама» акциясы жалғасуда, осыған орай бүгін тағы бір аялдама безендірілді.

 

 

Автобус аялдамасынан қала тұрғындары бар саналы ғұмырын ағартушылыққа арнаған аса көрнекті ағартушы-педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері, балалар әдебиетінің атасы, қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған сәулелі тұлға Ыбырай Алтынсариннің жарқын өмірі мен шығармаларымен таныса алады.

 

 

Ағартушының даналыққа толы шығармалары өскелең ұрпақты қайырымдылық пен бауырмалдық, сабырлық пен шыдамдылыққа, әдеп пен әділдікке, қанағатшылдық пен жомарттыққа,​ тазалыққа, ізеттілік пен бауырмалдыққа тәрбиелейді.
Жомарт Шаймұрат