БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін аудан прокуратурасының бастамасымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы болып өтті.

Жиынға аудан прокурорының орынбасары Сәкен Маратұлы, аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары мен облыс әкімдігі білім басқармасы аудандық білім бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Олжас Елебекұлының төрағалығымен өткен комиссия отырысында аудан прокуратурасының прокуроры Сабина Тоқыбаева білім ордаларында орын алған оқыс оқиғалар мен жіберілген кемшіліктер туралы хабарласа, күн тәртібіндегі «2020-2023 жылдарға арналған бала құқықтарын қорғауды күшейту және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, жасөспірімдер арасында суицидтік мәселелерін шешу жөніндегі Жол картасының» іске асырылуы, кәмелетке толмағандар арасындағы суицид, қыз бала арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері бойынша облыс әкімдігі білім басқармасы аудандық білім бөлімінің басшысы Рина Жұмаділова, аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Алтай Сауруков, аудандық полиция бөлімі ювеналды полиция тобының аға инспекторы Мадияр Дузелбаев баяндама жасады.
Комиссия отырысын қорытындылаған Сәкеен Маратұлы профилактикалық іс-шараларды ұдайы жүргізу, мобильді топтардың жұмысын жандандыру керектігін тапсырды.

Жамбыл аудан әкімдігінің баспасөз қызметі