«БАЛ — АСҚАЗАННЫҢ ЕҢ ЖАҚСЫ ДОСЫ»

Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадистерінің бірінде «Сендерге емделудің екі құралы берілген. Ол — бал мен Құран» — делінген. (Ибн Мәжаһ)

Ара балы – расымен де аса құнды, керемет дәмі, диеталық қасиеті бар құнарлы тағам. Құнарлылығы және энергия көзі болу тұрғысынан барлық тағамдардың көшін бастап тұр десек, артық айтқандық емес. Оның құрамында сіңуі қиынға соғатын заттар мен элементтер жоқ. Мәселен, көміртегі, ақуыз, минералды тұздар, дәрумендер ешқандай өңдеуге түспестен, қанға сіңіп, басқа ағзаларға тарайды.

  •  Әбу Әли Ибн Сина: «Егер жастық шағыңды сақтап қалғың келсе, балды жиі же», — деген екен. Бал әйел адамға да, ер адамға да күш-қуат береді. Спортшылар қауымы жаттығу алдында бір қасық бал жеуді әдетке айналдырып, нәтижесінде шаршамайтындықтарын айтқан. Сондай-ақ, клеткалардың жаңаруына әсерін тигізеді.
    Терінің жас қалпын сақтап тұруда да балдың рөлі үлкен екен. Бетке маска ретінде немесе тыртық, жарақатты кетіру үшін пайдалануда да оң нәтижелер берілгендігі айтылып жүр.
    Балдың құрамында 70-тен астам элементтер бар. Әлемнің ең атақты ғалымдар әлі де зерттеу жүргізуде. Алайда, тағамның құпиясы толық ашылмай келеді. Оның құрамындағы антибактериялдық заттар көп. Яғни, балдың бетінде саңырауқұлақтар пайда болмайды. Балды дұрыс сақтаған жағдайда ғасырлар бойы сақтала береді.

Сандуғаш Әділбектің

фейсбук парақшасынан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *