БӘЙБІШЕ ҚҰС

Бей сөзі ежелгі түркі тілінде билік иесін білдіреді. Қазақ хандығы кезінде билер судия, прокурор мәртебесінде болса, Сәнби, Үйсін елдерінде олар ең жоғары билеуші болған. Сәнбилерде бей, би сөзінің хай, кей, гуй деген ғ, х дыбысымен дыдыстатын нұсқалары болған. Шыңғыс ханның әкесі Асау би есімі де сәнбиден жалғасқан нұсқамен Ясу-хай(кей) деп аталатыны содан. Таныш би ұғымы Сәнбиде Таншығай болып айтылады. Төбе би сөзі Тобагуй болып сақталған. Бей сөзі кейін бай сөзіне айналды. Қазақтың әйелдерінің күйеуін байым, бай деп атайтын себебі оның ауқаттылығын, малы көптігін білдірмейді, керісінше биім, әмірім дегенді білдіреді. Бұл жаңағы бей сөзінің уақыт өте келе бай сөзіне айналуынан. Оғыз-түрікпендер бей нұсқасын жақсы пайдаланса, қазақтар бей сөзін бай сөзіне айналдырып жіберді. Бейлердің жұбайлары бейбі мәртебесіне, қыздары бике мәртебесіне ие болды. Ал, биліктен тысқары тұрған қарашаның әйелдері кіші бейбі деген ұғымға саятын бейбіше, бәйбіше атауларымен аталды. Осы бәйбіше атауы берілген құс — бәбісек(бәйбішек). Ежелгі бей, би лауазымына ие билеушілердің әйелдері тура осы бәбісектің төбесіндегі әсем шоқшасына ұқсатылып жасалған бас киімдер киді.

Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы