Азаматтардың құқықтары қорғалды

Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысының прокуратура органдары 5,3 мыңнан астам өтінішті қарап, 400-ден астам өтініш берушінің құқықтарын қорғаған.

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Нәтижесінде 1,6 мыңға жуық азамат жеке қабылдауларда болса, 1,1 мың тұрғынды прокуратура органдарының басшылығы қабылдаған.

Айталық, облыс прокуроры Жандос Өмірәлиев 10 жәбірленуші зардап шеккен алаяқтық фактісі бойынша істі заңсыз тоқтату мәселесімен адвокат Е.Нұғымановты қабылдаған. Қадағалау шеңберінде іс сотқа (кінәлі адамдар сотталған сотқа) жіберілген.

Ал облыстағы Тасқала ауданының прокуратурасы жеке кәсіпкер Т.Біржановтың құқығын қорғаған. Атап айтқанда, «Тасқала ауданының ветеринариялық зертханасы» МКК-ның ветеринарлық дәрігері зертханалық зерттеулердің нәтижесі үшін алаяқтық жолмен ақша талап еткен. Алаяқтық жасағаны үшін кінәлі тұлға сотталған. Сондай-ақ Теректі ауданы прокурорының қадағалау актісі бойынша өтініш беруші З.Жанабаеваға ауыл шаруашылығы қызметін жүргізу үшін Ақсоғым ауылдық округінен жалпы ауданы 1580 га. жер учаскесі берілген.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, халықпен қабылдауды ұйымдастыру бойынша осындай жұмыстар облыстың басқа аймақтарында да жүргізілген.

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА