Автокөлікті мас күйінде басқару дерегі анықталды

Жамбылдық полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде полиция қызметкерлері автокөлікті мас күйінде басқару дерегін анықтады. Облыс орталығында «ВАЗ-21099» маркалы жеңіл автокөлікті тізгіндеген 46 жастағы ер азамат шағынаудандағы тұрғын үйлердің біріне тоқтап, көліктен шығып, қашып кетпек болды.

Кейін белгілі болғандай, жүргізушінің 2017 жылы сот шешімімен 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Сонымен қатар медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ер адам рульде орташа дәрежелі мас күйінде болған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Есен ӨТЕУЛІ