Ауыл тұрғындары ауызсудың  рахатын көруде  

  Егеменді  елімізде тәуелсіздік жылдарынан бері «Ақбұлақ» сынды тұрғындарды ауызсумен қамтуға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асуда. Оның шарапатын  Жамбыл облысындағы бірқатар елді мекендер бүгінде көріп отырса, таза ауызсу биыл қол жеткізіп жатқан өлкелер де баршылық. Олардың қатарында Қордай ауданының тіршілігі тың ілгері. 
      Мәселен  Жамбыл облысы Қордай ауданындағы    41 елді мекеннің 31-і жерасты суын, 10-ны жер үсті суын пайдалануда. Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланатын елді мекендер саны 28 немесе 68,3 пайызды  құрайды. Аудандық ішкі сумен жабдықтау желісінің жалпы ұзындығы 529 шақырым.

Ауылдық жерлерді таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 781,3 миллион  теңге қаржы бөлініп, Ауқатты ауылындағы сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, сондай-ақ, Әлжан ана ауылындағы сумен жабдықтау жүйелерін құрылысы басталған.  Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, Сарыбұлак, Қайнар, Кенен ауылындардағы және Қордай ауылы «Батыс» тұрғын алқабындағы сумен жабдықтау желісі және су жинау құрылыстарын жүргізуге  облыстық, аудандық бюджеттер есебінен 36,1 миллион  теңгеге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Іске асыру мерзімі   2018-2019 жылдар.

«Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы Қарасу, Өтеген батыр және Арал ауылдарына сумен жабдықтау жүйелерінің құрылыстарына жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге жалпы    28,7 миллион  теңге қарастырылған.

Әрине тіршілік нәрі ауызсу құбырларының жаңартылып, шалғай ауылдарға да жетуі құп көретін нәрсе. Оған қоса, бір жылдары дәл осы Қордай ауданының жұртшылығы арықтан су ішіп отырғандарын айтып, жанайқайын білдірген болатын. Кейіннен бұл мәселе жіті зерделеніп, алдағы жылдары шалғай ауылдардың өзі орталықтандырылған ауызсуға қол жеткізетіндігі уәде етілген болатын. Міне осы жоспар бүгінде жүзеге асып елді мекендерге ауызсу құбырлары  тартылуда. Бұл сөз жоқ, жергілікті биліктің бұқараның қамы үшін жасап жатқан игі шаралары.

Бәрекелді демекпіз қордайлық шенділер мен аудан әкімдігіне.

 

Дедек Төлен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *