АУДАН ӘКІМІНІҢ ТОҒЫЗКЕНТТЕГІ САПАРЫ

Бүгін Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов алгоритм бойынша Тоғызкент ауылдық округінде болды. Жұмыс сапары кезінде Тоғызкент ауылдық округі әкімінің 2020 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдады.
Жиналысқа қатысқандар: аудан әкімінің орынбасары Көкей Олжас Тұрғынұлы, аудандық мәслихат хатшысы Бегеев Сағынбек Арыстанұлы, жер қатынастары бөлімінің басшысы Ұзақбеков Ерболат Ғалиұлы, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қожахметов Мадияр, аудандық «Халықты жұмыспен қамту орталығы» мекемесінің директоры Ақмағанбетов Нұрхан Мұханбетқалиұлы және жергілікті ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

 

Күн тәртібінде 1-мәселе:
1. Тоғызкент ауылдық округі әкімінің 2020 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы есебі.
Жиынды аудан әкімі Б.Жақсылықов ашып, күн тәртібіндегі мәселе бойынша, Тоғызкент ауылдық округі әкімі Д.Баймбетовтің 2020 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы баяндамасын жасауына рұқсат берді.
Келесі сөз кезегінде, Сарысу ауданының әкімі Б.Жақсылықов, ауыл тұрғындарынан толғандырып жүрген мәселелер болса сұрақ қоюына болатынын айтты.

 

 

Жарыс сөзге шығып сөйлегендер:
1. Ыдырысова Мейрамкүл – ауыл тұрғыны: Мен Жамбыл көшесі №17 үйде тұрамын, ауылға газ құбыры тартылғанымен әлі үйімізге газды қоса алмай отырмын. ҚазТрансГазАймақ қызметкері Н.Көшер газ жүргізген «Жамбыл-Жылу» ЖШС қызметкері Д.Рысалиев қосады деп бір-бірлеріне сілтеп газды қоспай жүр осыған көмек берсеңіз.
2. Майров Жансерік – зейнеткер, Ардагерлер Кеңесінің төрағасы: Ауылдағы барлық атқарылған жұмыстарға көңіліміз толады. Сізге ауыл тұрғындарының атынан алғысымды білдіремін.
Аса өзенімен су келуіне көмек берсеңіз? Ащыкөлге су құйса, шаруа қожалықтарға тиімді болады, әрі экологиялық ахуал дұрысталып, жердің сорлануы тоқтар еді.

 

Мәдениет үйінің жанындағы бос жатқан жер қоршалып, саябақ жасауға ЖСҚ дайындалуда, осы саябақты жасауға қаржы бөліп көмек берсеңіз, ауыл тұрғындарының серуендеп демалатын орны болар еді.
Аудан әкімі Б.Жақсылықов, тұрғындар тарапынан басқа да қойылған сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша іс-шара жоспары жасалынып, бақылауға алынатынын, жиынға бір кісідей қатысып, ауылдағы көкейкесті проблемалардың шешілуіне атсалысып ұсыныс-пікірлерін бөліскендеріне рахмет айтып, жиынды қорытындылады.
Осы сапар барысында аудан әкімі Тоғызкент ауылындағы жасыл белдеуге барып, тал егіп, ондағы ахуалмен танысты.
Сондай-ақ, округтегі бірқатар мекемелерді, білім ошақтарын аралап қысқа дайындықтарын, сақтық шараларының сақталуына көз жүгіртті.