АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВ ӨҢІРДІҢ «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» БОЛУЫНА ЛАЙЫҚ ЖАН

Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі мен Меркі аудандық ардагерлер кеңесі облысты екі жыл басқарған Мырзахметов Асқар Исабекұлын өңірдің ең жоғары марапаты «Құрметті азамат» атағына ұсынды. Қолдаймыз! Асқар Исабекұлы және оның командасының атқарған игі істерін газетімізде үнемі жариялап отырдық. Шынында да өңірді басқарған аз уақыттың ішінде облысты түлетуде көптеген жұмыстар жасады.

         Облыстың елдімекендерін және облыс орталығы Тараз қаласын түрлендіріп, заманауи өң беріп, туристер тартуға қолайлы жағдайлар тудырды. Соғылған нысандар, саябақтар, «Үш бұлақ» демалыс орны, ескерткіштер, айта берсең таусылмайтын халықтың көңілінен шыққан, игілігіне асқан орындар қаншама? Бұрын-соңды Тараз қаласын құс төресі аққу мекен еткен бе еді? Ол кісінің Жамбыл жұртшылығына еткен еңбегін санап тауыса алмассың. Әсіресе оның «Желтоқсан-86» кешенін салу ерлікке парапар.

Ауылдың экономикасын көтеріп, мәдени дамуына және шаруалардың жағдайын жақсартуға бар күш-жігерін, білімін жұмсады. Ол кісінің бастамалары үнемі халықтың көңілінен шығып отырды.

Иә, Асқар бауырымыз қай қызметте де жүрсін мейлі жаңашылдығымен, бастамашылдығымен жарқырай көрінді. Жамбыл облысындағы өркениетке тән өркенді істері қалың елді риза етті. Жалпы Асқар Мырзахметовке «Облыстың Құрметті азаматы» атағына лайық жан.

 

“Qazaqstan dauiri” газеті,

“Мөлдір бұлақ” журналы мен

«Желтоқсан көтерілісі» қоғамдық

бірлестігінің ұжымдары