Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалды

Асхат Оралов 1990 жылдың 10 ақпанында Павлодар облысының Ақсу қаласында дүниеге келген.
Білімі:
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-ны «Аударма ісі» және «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген, магистрлік және PhD докторлық дәрежесіне ие.
✅Еңбек жолы:
2010-2014 жж. — Астана қалалық «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының хатшылығында басшылық қызметтер атқарған.
2011-2012 жж. — Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-ның әлеуметтік-тәрбие жөніндегі департаментінде бас маман.
▪️2013-2014 жж. — Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-ның ұйымдастырушылық жұмыс жөніндегі бөлімінде бас маман.
⏳2014-2016 жж. — Астана қалалық «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2018-2019 жж. — Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаменті директоры.
2019 жылдың 12 сәуірінен — Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары
☑️2020 жылдың 13 шілдесінен — Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 шілдедегі қаулысымен ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі қызметінен босатылды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2022 жылдың 2 ақпанынан Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы.