«Асарлатып үй салу»

Асар –ұғымын қазіргі таңда көпшілігіміз қолданып та біліп те жүрген жоқпыз. Қазақ атамыз «Көп түкірсе көл», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Бірлік түбі тірлік» деп, елдің бірігуі арқылы кезінде атамыз қазақ мұқтаж жандарға көмек көрсеткен.

 

Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және облыс әкімі Б.Сапарбаевтың хаттамалық тапсырмасымен аудандарда «Асарлатып үй салу» жобасы қолға алынған болатын. Осы жоба аясында Мойынқұм ауданында 8 елді-мекенде атап айтсақ Кеңес, Биназар, Бірлік, Күшаман, Жамбыл, Шығанақ, Қарабөгет, Ұланбел ауылдарында ауыл қариялары мен ауыл жастары және еріктілерінің қолдау және демеушілік жасауымен көмекке мұқтаж, жағдайы төмен немесе көпбалалы үйсіз отбасыларға 1 тұрғын үйді қазақтың ежелгі салтында бар асарлатып үй салып беруді қолға алған болатын.
Бүгін осы жоба аясында аталған 8 ауылдың бірі Қарабөгет ауылдық округіне қарасты Құмөзек ауылының тұрғындары мен ерікті жастары ауылдың 1 көмекке мұқтаж жанұяға асарлатып үй салуды бастап, қажетті құмы мен тасын түсіріп, үйдің фундаментін көтерді.