АРЫС ҚАЛАСЫНДА «АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 40-ТАН АСА КӨШЕ ЖӨНДЕЛУДЕ

Арыс қаласы аумағында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 638,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде: облыстық маңызы бар жолдар – 297,3 шақырым, аудандық маңызы бар жолдар – 69 шақырым, ал елді мекендер ішіндегі көшелердің ұзындығы 272,3 шақырым.

2020 жылы жергілік бюджет есебінен қала аумағында жалпы ұзындығы 13 шақырымды құрайтын 20 көшеге орташа жөндеу және тас төсеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық және облыстық бюджет есебінен Монтайтас ауыл округінде 14 көшеге, Ақдала ауылдық округінде 28 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Арыс қаласындағы автомобиль жолдарының бойын абаттандыру бойынша шаһардың 13 аймағы бойынша 67 көшесінде орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 8 көшеде аяқжол мен жарықтандыру жұмыстары, 6 көшеде аяқжол салу жұмыстары, 9 көшеде жарықтандыру жұмыстары жүргізілген. Жалпы жөндеу жұмыстары барысында 244 744 шаршы метр асфальт төселіп, 63 044 шаршы метр аяқжол салынды. Сондай-ақ, 454 текше метр арық қойылып, 57 шақырым көше жарықтандырылды және 179 метр жасанды кедергі мен 38 дана жол белгілері орнатылған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі