АҚТӨБЕДЕ МЕДИЦИНА ҚЫМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Шараға медицина қызметкерлері, ардагерлері қатысты.

 

 

Жиынға қатысушылар алдымен COVID-19-дан қайтыс болған облыстың 23 медицина қызметкерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Оңдасын Оразалин құттықтау сөзінде ақтөбелік дәрігерлердің шеберлігі мен жоғары кәсібилігін, олардың, әсіресе, пандемия жағдайындағы жанкешті әрі орасан зор еңбегін ерекше атап өтті.

 

 

«Пандемия қоғамға денсаулық сақтау саласының орасан зор маңыздылығын көрсетті. Жерлестеріміздің денсаулығы мен өмірін сақтап қалу үшін уақытпен санаспай еңбек еттіңіздер, сол үшін сіздерге шын жүректен алғыс айтамын. Сіздерге және жақындарыңызға амандық, ұзақ ғұмыр және зор денсаулық тілеймін. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, — деді облыс әкімі.

 

 

Аймақ басшысы елімізде денсаулық сақтау саласына ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті. Тәуелсіздік жылдары ішінде тек Ақтөбе облысында 130-дан астам жаңа медициналық мекеме салынды. Оның ішінде 9 аурухана, 5 емхана, 57 дәрігерлік амбулатория тұрғындарға пайдалануға берілді.

 

 

Қырық медицина қызметкеріне кәсіби мерекелеріне орай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің төсбелгісі, облыс әкімінің мақтау қағазы мен Алғыс хаттары тапсырылды. Сонымен бірге екі дәрігер «Еңбек ардагері» алқасымен марапатталды. Үздік медициналық ұйымдарға — облыстық байқаудың жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, Қарғалы қалалық ауруханасына 1 млн. теңгенің, жедел медициналық жәрдем ауруханасына 500 мың теңгенің, Ойыл аудандық аурухансына 300 мың теңгенің серитификаты табыс етілді. Бұдан өзге тоғыз медицина қызметкері 100 мың теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталды.