Ана тілдің мүңына Ақорда «жұбату» айтты…

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктен бері қарайғы ширек ғасырдан астам уақытта, жас мемлекеттің саяси, әлеуметтік саласында аянбай еңбек етумен қоса, рухани әлем, соның ішінде ана тілдің мүшкіл халы туралы сан мәрте сыр шерткен екен. Соның ішінде қанатты сөзге айналып кеткендері де баршылық.

Әсіресе Елбасының «Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін»- деген сөзі саяси тапсырмадай естілетін жасырын емес. Алайда жасыруға келмейтін бір ақиқат- қазақ тілінің өз елінде салтанат құра алмай тұрғандығы десек қателеспеспіз. Тіпті осы тақырыпты қаузағаннан жалыққан да шығар жазғыштар. Ондағы саяи астар мен «сырттан төнетін қатерлер» туралы жақсы-жайсаңдар да, қарапайым халық та айтудан шаршаған жоқ. Сөйте тұра, төменнен тәп-тәуір көктеп келе жатқан ана тілдің майсасы, жоғарыға, саяси салмағы бар силы мекемелердің табалдырығынан аттай алмай келе жатыр.

Осыны түзегісі келді ме, Елбасы ерекше бір нұсқау айтты осы дүйсенбі күні. Ақпанның 26 күні Ақ ордада Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевты қабылдаған Елбасы маңызды тапсырма спетті мынадай сөз айтқан. «Латын әліпбиіне көшу біздің халық үшін тарихи тұрғыдан аса маңызды. Әйтсе де біз қазақ тілінің мәртебесін көтеру жұмыстарын жалғастыруымыз керек. Парламент пен Үкімет тек қазақ тілінде жұмыс істеуі тиіс. Бірақ бұл мәселеде азаматтардың құқығына нұқсан келмеуі керек. Олар үшін синхронды аударма мүмкіндігін қарастыру қажет», — деді Президент. Бұл кешелі-бері «Әлеуметтік желіні жарған» ақпараттардың біріне айналып шыға келді. Осыған жалған БАҚ-беттерінде «сейсенбідегі үкімет отырысы қазақ тілінде өтіп жатыр» деген хабар да жүректі жылыта түсті. Әрине, мұндай жиналыстар қалыптасқан үрдіске айналар болса, ана тілдің абыройы асқақтай берері сөзсіз. Осы тұста «тай күнінде көзіне қамшы тиген» кейбір ағаларымыздың аяқтарының астынан үрке жөнелуге дайын тұратыны қынжылтады. Олардың пайымынша «көп ұлтты Қазақстанда, өзге этностардың құқықтары шектеулерге ұшырамауы тиіс» екен. Бұл дегеніңіз жасқаншақтықтан өзге ештеңе емес қой. Бір ең әуелі өзге этнос өкілдерін қоя тұрып Елбасымыз айтқандай «Қазақпен қазақ қазақша сөйлесіп алайықшы». Өзге ұлттардың тілдік мәртебесі туралы Мемлекет басшысы талай рет маңызды нұсқауларын жасаған еді. Керек жерінде қатаң сындар да айтқан болатын. Соның бір ғана мысалы 2016 жылғы 16 ақпанда Алматыдағы бір жиында: «Маған жеткен ақпараттар бойынша, орыс тілді адам мекемелерге барып орысша сөйлесе, ол қазақша жауап алады. Кім бұған рұқсат берді? Прокуратура неге Қазақстан заңдарының бұзылуын тексермейді? Егер ол орысша өтініш жасаса – орыс тілінде жауап алуы тиіс…» деген болатын. Бұл пікірге қатысты өз ойын айтқан Дәурен: «Тіл туралы» заңда «мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің азаматтардың өтініші мен басқа да құжаттарға жауабы мемлекеттік тілде немесе қатынас тілінде беріледі» деген еді. Міне, өзгелердің талап-тілегі мен құқықтық нормалары бізде қалай құрметтеледі. Бұл керек десеңіз заңмен кепілдендіріліп қойылған ғой. Мәселе, ана тілдің арнасын кеңейтуде, өз қандастарымыздың белсенділігінің аздығына тірелетін секілді. Ал бұл түйткілге Елбасымыз тағы бір мәрте нүкте қойғандай…

Ерқазы Сейтқали